
Әріптестердің назарына!
Өздеріңіз білетіндей, бұған дейін Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің атқаратын негізгі міндеттері туралы жазылған болатын.
Қазіргі таңда Департаментке тағы бір құзірет берілді. Ол «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органдарына қатысты мемлекеттік бақылау жүргізу құзіреті.
Бұл өзгеріс ағымдағы жылдың 6 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №71 Заңымен «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 59-1-бабы бойынша толықтырулар енгізілді.
Одан бөлек, білім саласындағы мәселелеріне қатысты қандай да бір жағдай болып жатса кураторларға хабарласуларыңызға болады.
Назарларыңызға төменде кураторлардың аты-жөндері мен байланыс номерлерін жариялап отырмыз.
Департаментпен өзара тығыз байланыс орнатып, мәселелердің шешілуіне сіздер де атсалысыңыздар!