
ДЕПАРТАМЕНТ ТАРАПЫНАН 193 БАЛАБАҚШАҒА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
«Білім туралы» Заңның 59-бабына сәйкес білім беру ұйымдары жыл сайын Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарына сәйкес өзін-өзі бағалау құжаттарын дайындайды.
Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департамент тарапынан, 2024 жылы мемлекеттік аттестаттаудан өтетін 193 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарымен (71 мемлекеттік, 122 жекеменшік) онлайн форматта ZOOM платформасы арқылы семинар-кеңес жүргізілді.
Семинар-кеңесті білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы Гүлдар Сапарбекқызы ашып беріп, семинар мақсаты - білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу нәтижелерін жақсарту қажеттілігін атап өтті.
Сонымен қатар, білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарының ерекшеліктері бойынша бөлімнің бас маманы Әсел Дүйсенбайқызы баяндама жасады. Баяндамада мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларына білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарының талаптары бойынша презентация ұсынылды, өзін-өзі бағалау, бағалау парақтарын толтыру тәртібі түсіндірілді.
Семинарға қатысушылардың назары меншік нысанына қарамастан педагогтердің біліктілігін арттырудан өту бөлігінде мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларын және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын сақтауға аударылды.
Сондай-ақ, мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларына 2023 жылғы облыстың МДББҰ мемлекеттік аттестаттау қорытындылары және МЖМББС және қызметтің үлгілік ережелерінің жиі жіберілетін бұзушылықтары да айтылып, олар тарапынан қойылған сұрақтарға Департамент мамандары тарапынан егжей-тегжейлі жауаптар берілді.