
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау шаралары туралы
Бүгін Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаментімен бірлесіп жиналыс өтті.
Күн тәртібінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау шаралары туралы сөз қозғалды.
Жиында аталған агенттіктің Түркістан облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі офицері Бауыржан Үсіпбаев сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын барлық мемлекеттік органның ортақ жұмысы және оған бір реттік науқан ретінде қарамау керектігін атап өтті.
«Байқасаңыздар, елімізде Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілік артып, жүйелі жұмыстардың нәтижесінде жыл сайын коррупция үшін жауапкершілік те күшейіп келеді. Парақорлық үшін бас бостандығынан айыру мерзімі 15 жылға дейін ұзартылды. Жемқорлар үшін мемлекеттік қызметке өмір бойына тыйым салынды. Ауыр жемқорлық қылмыстары үшін түрмеден ерте босату шектелді», - деді Б.Үсіпбаев.
Жиында 2023 жылдың үш айында біздің өңірде 51 қылмыс анықталған, оның 35-і сыбайлас жемқорлық қылмысы, оның ішінде білім беру саласында 22 қылмыс тіркелген.
Кездесу соңында Б.Үсіпбаевқа семинарға қатысып, түсіндіру жұмыстарын жүргізгені үшін алғыс білдіріп, айтылған мәселелер қорытындыланды.
Сонымен қатар, Департамент қызметшілеріне әрбір іс-әрекеттерді қатаң бақылауда ұстануы, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтауы, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу керектігі ескертілді.