
ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІНІҢ АТЫНАН БАҚ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Бүгін Департаментте «28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні» аясында ел журналистикасына, әсіресе Түркістан өңірінің бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына сүбелі үлес қосып жүрген қаламгерлер Түркістан облысы және Шымкент қаласының ақпараттандыру саласының қызметкерлері, БАҚ өкілдері ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлының «Құттықтау хаты» табыс етілді.
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Алаштың ардақты перзенті Міржақып Дулатовтың: «Қай елдің баспасөзі мықты болса, сол елдің болашағы да берік» деген дана сөзі бар. Бұл сөз бүгінгі қоғамда да өз маңызын жойған жоқ. Сіздер – елдің үнін жеткізуші, шындықтың шырақшысы, халық пен билік арасын жалғаушы алтын көпірсіздер. Түркістан өңірінің өркендеуі мен оң имиджін қалыптастыру жолында аянбай еңбек етіп келесіздер. Сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз, адал қызметтеріңіз ел дамуына қосылып жатқан зор үлес екендігін білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы Гүлдар Сапарбекқызы айтып өтті.
Тәуелсіз еліміздің ақпарат кеңістігін нығайту жолындағы тынымсыз еңбектеріңіз үшін әрқайсыңызға шексіз ризашылығымызды білдіреміз!