Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мұғалімнің мәртебесі қашанда бәрінен биік. Ұлы тұлғалардың өзі ұстазының алдында шәкірт болып қала береді. Ұлттың болашағы – ұстаздың қолында», - деп атап өтті.
Бүгінде педагогтердің мәртебесі заңмен қорғалып, қоғамдағы орны айқындалды. Алайда ұстаз беделі тек құқықтық нормалармен емес, ұрпақ санасына сіңген құндылықтармен, тәрбиелік идеологиямен де нығая түсуі тиіс.
Келешегі жарқын мемлекетті білімді ұстаздар мен алғыр ұрпақ қалыптастырады. Бала мен ұстаз және ата-ана арасындағы үштік тұғырды ойшылдардың дана сөзі де бекіте түспек.
Осы ретте «Ұстаздар туралы даналық сөздер» айдары бойынша, педагог мамандығының қоғамдағы ерекше рөлін, оның ұлы миссиясын айшықтайтын ұлы тұлғалардың ой-пікірлерін ұсынбақпын.