Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаментінің 2026 жылдың 1-тоқсан бойынша жүргізілген бақылау шараларының есебі

 

             Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің (бұдан әрі – Департамент) құзыреті білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ету мақсатында білім беру ұйымдарына сырттай бағалау жүргізу арқылы білім саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру, мемлекеттік қызмет көрсету мен  мемлекеттік бақылау шараларын жүргізу болып табылады.

1.1.Мемлекеттік аттестаттау (бармай профилактикалық бақылау):

   Департаменттің 2026 жылы мемлекеттік аттестататудан өтетін білім беру ұйымдарынығ тізбесіне сәйкес 505 білім беру ұйымында (450 балабақша,                  54 мектеп, 1 колледж) мемлекеттік аттестаттау жүргізу жоспарланған.

Ағымдағы жылдығ 1-тоқсан есебі бойынша 40 (4 мемлекеттік,                           36 жекеменшік) мектепке дейінгі білім беру ұйымында мемлекеттік аттестаттау жүргізілді.

Нәтижесінде, 7 балабақша (17,5%) қызметі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының (бұдан әрі МДТО МЖМБС) талаптарына сәйкес келеді деп есептелініп, аттестатталды                (1 мемлекеттік, 6 жекеменшік).  

Ал, 33 балабақша (82,5%), оның ішінде 3 мемлекеттік, 30 жекеменшік балабақша қызметі  МДТО МЖМБС талаптарына сәйкес келмей, аттестатталмады.

  • Қайта мемлекеттік аттестаттау шарасы 2026 жылдың 1-тоқсан есебі бойынша 78 білім беру ұйымында (33 мектеп, 45 балабақша) жүргізілді.

Оның ішінде, 76 білім беру ұйымының (32 мектеп, 44 балабақша) білім беру қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес келіп, аттестатталды.

2 білім беру ұйымы (1 мектеп, 1 балабақша) МЖМБС талаптарына сәйкес келмей, аттестатталмады.

Мемлекеттік аттестаттау барысында МЖМБС талаптарын орындауда жалпы ортақ анықталған бұзушылықтар:

Балабақша бойынша:

  • 11 балабақшада - балабақша меңгерушісімен бекітілген жұмыс оқу жоспары мен ұйымдастырылған іс-әрекетің кестесі, күн тәртібінің үлгілік оқу жоспарына сәйкес келмейді;
  • 9 балабақшада- перспективалық жоспар мен циклограмманың, күн тәртібінің үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес келмейді;
  • 12 балабақшада – тәрбиеленушілерді жас ерекшелігіне сәйкес жас топтары бойынша топтастырмаған;
  • 19 балабақшада – топтарда жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларына сәйкес келмейді;
  • 24 балабақшада – педагогтердің біліктілік санатын 5 жылда бір көтеру талаптары сақталмаған;
  • 19 балабақшада - тәрбиешілер тиісті бейініне сәйкес «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандығымен жұмыс атқармайды;
  • 6 балабақшада - мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылмаған балалардың ата-аналары үшін білім беру ұйымдарында ата-аналардың қажеттіліктері ескеріліп, консультациялық пункттер құрылғаны туралы деректер жазылмаған;
  • 17 балабақшада - мектепке дейінгі ұйым мен ата-ана немесе заңды өкілдер арасындағы келісім шарт түзілмеген;
  • 29 балабақшада – педагогтердің біліктілігін 3 жыл сайын арттыру жұмыстары өз деңгейінде жүргізілмеген;
  • 16 балабақшада – даму мониторингісіне жүргізілген бақылау парақтары нәтижесінде түзету жұмыстарын жүргізу үшін тәрбиеленушілерге жеке даму картасы дұрыс жүргізілмеген;
  • Бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижесі

Бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің 2026 жылдың бірінші  жартыжылдығына бекітілген тізімдегі 7 білм беру ұйымының (2 мектеп, 5 балабақша)  1-тоқан есебімен 5 білім беру ұйымында (2 мектеп, 3 балабақша) ағымдағы жылы бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілді.

Нәтижесінде, 7 білім беру ұйымына анықталған заң бұзушылықтарды жою бойынша нұсқама берілді.  

  • Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер

Департаментке  2026  жылдың 1 – тоқсан есебі бойынша «Е-otinish» порталы арқылы 248 өтініш тіркеліп, 124 өтініш қаралды. Оның ішінде,  80 өтінішті өз құзыреті шегінде қарау үшін жолданған.

Департамент тарапынан 124 өтініш (арыз 117, шағым 2, сұрау салу 5,).

Бір арыз иесінің өтініші басқа мемлекеттік органдарынан қайталанып келуіне байланысты 56 дубликат келіп түскен.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік Рәсімдік-процестік Кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 70-бабы 1-тармақ 3), 4)тармақшаларына сәйкес әкімшілік рәсімді тоқтатылған өтініштер саны – 63;

Қаралған өтініштер саны – 124;

Жоспардан тыс тексеру бойынша:

Ағымдағы жылдың есебі бойынша 25 жоспардан тыс тексеру жүргізілді оның ішнде арыз бойынша 21 білім беру ұйымында (3 балабақша, 18 мектеп),  4 білім беру бөліміне жүргізіліп, нәтижесінде, 24 тексеруге нұсқама берілді.

18 білім беру ұйымында жүргізілген тексеру нәтижесінде 18 әкімшілік іс (3 балабақша, 15 мектеп) жүргізіліп,  225 АЕК тең 973 125 теңгеге тең айыппұл салынды (5 заңды тұлға, 13 лауазымды тұлғаға). Оның ішінде, 2 заңды тұлғаның, мектептің лицензиясы уақытша тоқтатылды.

Аудан бойынша жоспардан тыс тексеру кесіндісі  (Арыс ауданы -1, Бәйдібек -1, Келес-1, Қазығұрт ауданы - 1,  Сарыағаш ауданы – 1, Түркістан қаласы –2, Мақтаарал ауданы – 2, Ордабасы – 2, Отырар -1, Сайрам ауданы – 3, Созақ -3, Сауран -1, Түлкібас ауданы – 1, Төлеби ауданы -3, Жетісай ауданы -2) жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

2.1. Әкімшілік іс жүргізу бойынша:

2026 жылдың 1- тоқсан есебі бойынша   67 әкімшілік іс қозғалып,   2 әкімшілік іс бойынша «ескерту» түрінде, 65 әкімшілік іс  бойынша 1400 АЕК-ге тең 6 055 000 тг айыппұл салынды (1 лауазымды тұлға).

Әкімшілік құқық бұзушылық  туралы кодексте көзделген бөліктері

Прокуратураның ұсынысы

Мемлекеттік органдардың ұсынысы (Комитет, білім басқармасы, білім бөлімдері)

Жоспардан тыс тексеру

Сотқа жолданғаны

Жалпы

409-бап 2-бөлігі

 

5

 

 

 

Ескерту

 

2

 

 

 

АЕК

 

10

 

 

 

Айыппұл

 

43250

 

 

 

409-бап 3-бөлігі

 

2

 

 

 

АЕК

 

50

 

 

 

Айыппұл

 

216250

 

 

 

409-бап 4-бөлігі

 

13

14

 

 

АЕК

 

190

140

 

 

Айыппұл

 

821750

605500

 

 

409-бап 6-бөлігі

 

13

2

 

 

АЕК

 

195

30

 

 

Айыппұл

 

843375

129750

 

 

409-бап 7-бөлігі

 

5

1

 

 

АЕК

 

100

15

 

 

Айыппұл

 

423500

64875

 

 

464-бап 1-бөлігі

 

20

 

 

 

АЕК

 

855

 

 

 

Айыппұл

 

3697875

 

 

 

127-1-бап

 

 

 

 

4

АЕК

 

 

 

 

10

Айыппұл

 

 

 

 

43250

Жалпы

 

58

17

 

4

Ескерту

 

2

 

 

 

АЕК

 

1400

185

 

10

Айыппұл

 

6055000

800125

 

43250

 

 

 

 

Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаментінің 2026 жылдың 1-тоқсан бойынша жүргізілген бақылау шараларының есебі
Дата публикации
03 апреля 2026