ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіндегі педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өткізілді. Кеңес отырысын Департамент басшысы Алматов Ғалымжан Бауыржанұлы жүргізіп отырды.

Кеңес отырысында Департамент жанындағы педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесінің 2025 жылы атқарған жұмыстарының есебі тыңдалып, 2026 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.

Сонымен қатар, Сайрам ауданының білім бөліміне қарасты білім беру ұйымы басшылығының іс-әрекетіне қатысты ата-ана тарапынан жолданған мәселелер тыңдалып, ұсыныстар жолданды.

Кеңес ұсынысын негізге алып, өз құзыреттері шегінде жұмыстар жүргізу үшін Сайрам ауданының білім бөліміне және Түркістан облысының білім басқармасына хат жолданды.

 

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ
Дата публикации
19 декабря 2025