Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің мемлекеттік қызметкерлеріне 8 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Абдумавланов Эльнур Ырысбайұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасын және қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жиының мақсаты мемлекеттік қызметшілердің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептерді болдырмау, жолын кесу және қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол бермеу болып табылады.
Департамент басшысы Ғалымжан Бауыржанұлы Алматов өз сөзінде апта сайынғы аппараттық жиналыстарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары тұрақты түрде талқыланатынын атап өтті.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру шаралары күшейтіліп, жеке бақылауға алынғанын жеткізді.
Жиын соңында департамент басшысы бақылау шараларын жүзеге асыру, кураторлық өңірлердегі білім беру ұйымдарының желісін жетілдіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы жұмысты жалғастыру бойынша нақты тапсырмалар берді.