2025 жылы 5 желтоқсанда Түркістан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.
Түркістан облысының Әдеп жөніндегі кеңес отырысында Түркістан облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтардың профилактикасы бағытында атқарылған жұмыстар туралы департамент басшысы Ғалымжан Бауыржанұлы Алматовтың есебі тыңдалды.
Қоғам азаматқа мемлекеттік қызметші мәртебесін бере отырып, одан жүктелген міндеттердің сапалы орындалуын, мемлекеттің функциялары мен міндеттерінің тиімді іске асырылуын күтеді.
Осы ретте, Департамент басшысы өз есебінде халықтың мемлекеттік қызметшілеріне деген сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін және парасаттылық атмосферасын қалыптастыруға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алу бағытында департаментпен бірқатар жұмыстар атқарылғаны туралы айтты.
Мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша үш семинар өткізіліп, Департаменттің әлеуметтік желілеріне жарияланды.
Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың және Әдеп кодексінің талаптарын сақтауы мәселелерін түсіндіру бойынша үш рет жиналыс ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, Департаменттің аппараттық жиналыстарында тұрақты түрде, сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылық жасамау, алдын алу жөнінде Департамент мамандарына үнемі ескертілетінін жеткізді.
Мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шараларын сақтауға бағытталған іс-шаралар күшейтіліп, жеке бақылауға алынғаны және тиісті профилактикалық шаралар жалғастырылатындығын алға тартты.