Мемлекеттік бақылау шаралары аясында Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің мамандары мектептердегі мектепішілік бақылаудың іске асырылуы бойынша мониторинг жүргізді.
Мониторингте мектепішілік бақылаудың сапалы жоспарлануы және жоспардағы маңызды бағыттардың іске асырылуы бойынша мектеп әкімшілігінің атқарып жатқан жұмыстары қаралды.
Мектепішілік бақылау жоспары 6 бағыттан тұрады:
- Нормативтік құжаттардың орындалуын және талаптарға сәйкес мектеп құжаттамасының жүргізілуін бақылау;
- Оқу процесінің сапасын бақылау;
- Оқушылардың білімдегі олқылықтарының орнын толтыру бойынша және үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты бақылау;
- Оқу-зерттеу қызметі;
- Мұғалімнің шеберлік деңгейі мен әдістемелік дайындығының жай-күйін бақылау;
- Тәрбие процесінің сапасын, іс-шараларды өткізуді бақылау.
Мониторинг барысында кемшіліктерге жол берген мектептердің әкімшілігіне Департамент мамандарының тарапынан түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, нақты ұсыныстар берілді.
Мектепішілік бақылау жұмысының жүйелі жоспарлануы мен оның орындалуы оқу сапасын жаңа деңгейге көтереді, мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттырады, оқушылардың білім нәтижелеріне оң ықпал етеді.