ДЕПАРТАМЕНТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕСТІЛЕУГЕ БАЙҚАУШЫ РЕТІНДЕ ҚАТЫСУДА

«Білім туралы» ҚР Заңының 59-бабы, 4-1-тармағына сәйкес, білім беру ұйымдары жыл сайын білім беру қызметін өзін-өзі бағалауды жүргізеді.

Білім беру ұйымдары өзін-өзі бағалау кезінде оқыту нәтижелеріне бағалау 4, 9-сыныптардың білім алушыларын компьютерлік форматтағы кешенді тестілеу технологиясы бойынша жүргізеді.

Осы орайда, бүгін Департамент қызметкерлері Сарыағаш, Сауран, Төлеби аудандарының білім беру ұйымдарында өткізілген компьютерлік тестілеуге байқаушы ретінде қатысты.  

Компьютерлік тестілеу 4, 9-сыныптардың білім алушылары арасында контингент құрамының төменінде 90%-ы қатысқан кезде жүргізіледі (бітірушілердің жалпы саны 10 немесе одан аз білім алушыларды құрайтын білім беру ұйымдары үшін – төменінде 80%).

Білім алушылардың дайындық деңгейін бағалау нәтижелері контингенттің кемінде 40%-дан төмен емес білім алушының "қанағаттанарлық" деген бағадан төмен емес дұрыс жауап бергені айқындалған жағдайда ғана, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта білім беру стандартының талаптарына сәйкес келеді деп есептеледі.

ДЕПАРТАМЕНТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕСТІЛЕУГЕ БАЙҚАУШЫ РЕТІНДЕ ҚАТЫСУДА
Дата публикации
27 ноября 2025