СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ 2025 жылғы 24 қарашада Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Г.Алматов департамент қызметкерлерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша» семинар өткізді. Семинардың мақсаты мемлекеттік қызметшілердің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептерді болдырмау, жолын кесу болып табылады. Семинарда мынадай өзекті мәселелер қаралды: сыбайлас жемқорлық және оның мемлекет пен қоғам үшін салдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, қоғамның мемлекеттік органдар қызметіне сенімін арттыруға бағытталған құқықтық, әкімшілік және ұйымдастырушылық шаралары және т.б.
Дата публикации
24 ноября 2025