2025 ЖЫЛҒЫ 3 ТОҚСАНЫНДА БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІМЕН АЙНАЛЫСУҒА ЛИЦЕНЗИЯ БЕРУ ТУРАЛЫ ЕСЕП
✅Лицензия беру бойынша мемлекеттік қызмет электрондық түрде жүзеге асырылады.
✅Көрсетілетін қызметті алушының осы қызметті орындаушыға тікелей жүгінуіне жол берілмейді.
✅ 2025 жылғы 01 шілде мен 30 қыркүйек аралығында лицензиялау мәселелері бойынша 114 өтініш тіркелген. Оның ішінде қанағаттандырылғаны – 87 өтініш (76,3%), бас тартылғаны – 27 (23,6%).
✅ Қанағаттандырылған 87 өтініштің ішінде; бас лицензияға 10 өтініш (10-мектеп), лицензияға қосымшаға 12 (6-мектеп, 6-колледж), лицензия және лицензияға қосымшаларды қайта рәсімделгені-65 (65-мектеп).
✅ Бас тартылған 27 өтініштің ішінде: бас лицензияға 10 (10-мектеп), лицензияға қосымшаға-12 (9-мектеп, 3-колледж), лицензия және лицензияға қосымшаларды қайта рәсімделгені- 5 (5-мектеп).
2025 жылғы 01 шілде мен 30 қыркүйек аралығында білім беру қызметін лицензиялау жөніндегі комиссияның 6 отырысы өткізілген.