2025 ЖЫЛДЫҢ 3 ТОҚСАНЫНДА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНАН ШЫҒАТЫН РЕСМИ ҚҰЖАТТАРДЫ АПОСТИЛЬДЕУ ТУРАЛЫ ЕСЕП

2025 ЖЫЛДЫҢ 3 ТОҚСАНЫНДА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНАН ШЫҒАТЫН РЕСМИ ҚҰЖАТТАРДЫ АПОСТИЛЬДЕУ ТУРАЛЫ ЕСЕП

🔹«Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы, сондай-ақ «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетіледі.

🔸Көрсетілетін қызметті алушының осы қызметті орындаушыға тікелей жүгінуіне жол берілмейді.

🔹2025 жылғы 01 шілде мен 30 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасында алынған білім туралы құжаттарға апостиль қоюға 43 өтініш тіркелген.

🔸 Білім туралы 38 құжатқа апостиль қойылды, оның ішінде: кәсіптік-техникалық білім туралы – 2; жалпы орта білім туралы – 29, негізгі орта білім туралы – 4,  анықтама – 0, білім алушылардың үлгерімі туралы табелі – 3.  ЖОО құжаты болғандықтан және қызметке төлем төленбегендіктен 5 өтініш бойынша бас тартылған.

🔸Келіп түскен мемлекеттік қызметтердің жалпы саны 43 құрады (38– орындалды, 5 – бас тартылды).

☑️Елдер бойынша бөлу:

  • Турция-27;
  • Италия -2;
  • Польша – 2;
  • Корея – 2;
  • Чехия – 3;
  • Россия - 2
2025 ЖЫЛДЫҢ 3 ТОҚСАНЫНДА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНАН ШЫҒАТЫН РЕСМИ ҚҰЖАТТАРДЫ АПОСТИЛЬДЕУ ТУРАЛЫ ЕСЕП
Дата публикации
07 октября 2025