Түркістан облысының 2023-2029 жылдарға арналған білім беру жүйесін дамыту бойынша ӨҢІРЛІК ЖОЛ КАРТАСЫНЫҢ 2025 жылғы ІІ тоқсанында орындалуы туралы
Түркістан облысының 2023-2029 жылдарға арналған білім беру жүйесін дамыту бойынша ӨҢІРЛІК ЖОЛ КАРТАСЫНЫҢ 2025 жылғы ІІ тоқсанында орындалуы туралы № Іс-шара Орындау мерзімі 2025 жыл ІІ тоқсан орындалуы МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ОҚЫТУ 1. 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды сапалы мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 2023 ж. – 99,5%; 2024 ж. – 99,7%; 2025 ж. – 100%; 2026 ж. –100%; 2027 ж. – 100%; 2028 ж. – 100%; 2023-2029 жылдар Мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған мектепке дейінгі ұйымдардағы бос орындарға мектеп жасына дейінгі балаларды қабылдау (кезекке қою, жолдама беру, құжаттарды қабылдау, балабақшаға қабылдау, шығару) ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызмет көрсету №254 бұйрығы негізінде жүзеге асырылады. Ол сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алуға оң септігін тигізуде және мемлекеттік органдардың қатысуынсыз ата-аналар өздері таңдаған балабақшаға жолдама алуға мүмкіндігі бар. 1431 мектепке дейінгі ұйымдарда (265 мемлекеттік, 45 шағын орталық, 1118 жекеменшік, 2 арнайы мектеп-балабақшада, 1 балабақша - бастауыш мектеп) балалар тәрбиеленуде. Мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтер саны: 13 426 құрайды. Оның ішінде жоғары біліммен - 10 865; техникалық және кәсіптік білімі бар – 2 426; магистр дәрежесі бар – 135. Мектепке дейінгі біліммен 2-6 жас аралығындағы қамтылған балалар үлесі – 99,6% құрайды. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша; 2-6 жас – 99,6 %; 3-6 жас – 100 %; Мектепке дейнгі ұйымдарға кезекте тұрған бала саны -1166 (2 жастан 6 жасқа дейін); Қазіргі таңда таңда Қазығұрт, Түркістан, Жетісай, Мақтарал, Сайрам, Сарыағаш, аудан қала балабақша ваучерлік қаржыландыру жүйесіне мамыр айынан бастап қосылу шартына қол қойылды. Орта білім беру 2. Үш ауысымды 15 және апатты 8 мектептің мәселелерін шешу: - 3 апатты мектептің құрылысы Мемлекет басшысының 2022-2025 жыл аралығында 1000 мектеп салу бағдарламасы - 3 апатты мектептің құрылысы «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасы аясында; - 2 апатты күрделі жөндеу жұмыстары арқылы; Үш ауысымды 15 мектеп 1000 мектеп жобасымен: 6 мектеп: 1. Түркістан қаласының "Бірлік" мөлтек ауданынан ауданында 600 орындық мектеп салу. 2. Арыс қаласыдағы “М. Әуезов" мектебіне 200 орындық қосымша оқу блогын салу. 3. Ордабасы ауданы, Қараспан ауылдық округінің "Мақташы" елді мекенінде 200 оқушыға арналған жалпы орта мектеп салу. 4. Ордабасы ауданы Шұбарсу ауылындағы Арал Эко-массивінде 600 оқушыға арналған мектеп салу. 5. Сайрам ауданы Нұржанқорған ауылындағы №62 Анартаева негізгі орта мектебіне 300 оқушыға арналған оқу корпусын, акт залын, асхана мен шеберхана салу. 6. Сарыағаш ауданы, Құркелес ауыл округі, Нұрлы жол ауылынан, №50 Б.Омаров атындағы 300 орындық мектеп салу. «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасы аясында 7 мектеп: 1. Түркістан қаласы, Яссы мөлтек ауданы Кентау тас жолы сол бетінен 1200 орынды мектеп. 2. Түркістан қаласы, Яссы мөлтек аудан А.Юсупов көшесінен 900 орынды мектеп. 3. Ордабасы ауданы, Бадам ауылы, Орда мөлтек ауданынан 600 орынды мектеп. 4. Ордабасы ауданы, Ақбұлақ ауылынан 300 орынды мектеп. 5. Ордабасы ауданы, Шұбарсу ауылынан 900 орынды мектеп. 6. Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласы Б.Оспанов көшесінен 300 орынды мектеп. 7. Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласы Самал мөлтек ауданынан 1500 орынды мектеп. Жекеменшік мектеп салу арқылы 2 мектеп: 1. Ордабасы ауданы, Темірлан ауылынан 2 км-де 2020 жылы пайдалануға берілген жобалық қуаты 600 орындық Бәйтерек жалпы білім беретін мектебі бар, онда 390 оқушы оқиды. Осыған байланысты ата-аналарға Амангелді атындағы мектептен көшіру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Ордабасы ауданы, Шұбарсу ауылынан жеке кәсіпкер өз есебінен 250 орындық салды. Қазіргі уақытта қажетті құжаттар дайындалуда. 2023-2025 жылдар Облыстағы мектептердің мемлекеттік тілде оқытатындар саны – 786 (705 мемлекеттік, 81 жекеменшік); аралас мектептер саны 289 (205 мемлекеттік, 84 жекеменшік), кешкі мектеп саны – 3. Жалпы мектептің мемлекеттік тілде білім беретіндер саны: 1084 (оның ішінде 915 мемлекеттік; 169 жекеменшік) Мемлекеттік тілде білім беретін мекемелер саны – 786 мектепте оқитын оқушы саны 334 922 оқушы. 786 мектептің мемлекеттік мектептер үлесі – 710 (317 461 оқушы); жекеменшік мектептер – 81 (17 461); Орыс тілінде оқытатын мектептер саны – 4 (4854 оқушы); 5 мектептің 4-і мемлекеттік (4854 оқушы) және 1-і жекеменшік (87 оқушы); Аралас мектептер саны – 208 (оқушы саны 208 292 оқушы). Оның ішінде 205 мектеп мемлекеттік (177 619 оқушы) және 84 мектеп жекеменшік (30 673 оқушы). Жалпы Түркістан облысы бойынша білім беру ұйымдарындағы оқушылар саны 553 920 құрайды. Оның ішінде 501 965 оқушы мемлекеттік білім беру ұйымдарында; 51 942 оқушы жекеменшік білім беру ұйымдарында білім алуда. Түркістан облысы бойынша білім беру мекемелерінде қызмет ететін педагогтер саны 65 262; оның ішінде мемлекеттік мекемеде қызмет ететін педагогтер саны – 62 274; жекеменшік мекемелерде қызмет ететін педагогтер саны – 2 988. Облыста жалпы 1088 мектепте 553 639 оқушы білім алады. 3. «Шағын қалаларда, аудан орталықтарында жыл сайын кемінде 100 мектепті заманауи стандарттар бойынша жаңғырту» 2023 ж. – 108 нысан; 2024 ж. – 108 нысан; 2025 ж. – 108 нысан; 2023-2025 жылдар Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында республика көлемінде 1 300 мектепті жаңғыртудан (реновациядан) өткізу туралы тапсырма берген болатын. Мектептерді жаңғырту жобасына облыстан 115 мектеп енгізілген. Тапсырмаға сәйкес 2025-2027 жылдары 115 мектептің ғимараттарын күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге болжаммен 74,3 млрд. теңге қаржы қажет. 2025 жылға жоспарланған 41 мектептің ішінде: - ағымдағы жөндеумен 15 мектеп (қаржысы 3,5 млрд. теңге); - күрделі жөндеумен 26 мектеп (қаржысы 16,7 млрд. теңге) мәселесін шешу қарастырылуда, жалпы 20,2 млрд. теңге қаржы жұмсалатын болады. Қазіргі таңда, реновацияға еніп, 2025 жылы күрделі жөндеу жұмыстарын қажет ететін 26 мектептің 3-і «Ауыл ел бесігі» бағдарламасымен, 23-і облыстық бюджет есебінен жалпы 16,7 млрд. теңге қаржы қаралған. Сонымен қатар, 2026, 2027 жылдары реновациядан өтуі тиіс 74 мектепті ағымдағы жөндеуден өткізу үшін болжаммен 54,1 млрд. теңге қаржы қажет болады. 4. Білім беру объектілеріне күрделі жөндеу жүргізу: 2023 ж. – 18 объект; 2024 ж. – 14 объект; 2025 ж. – 22 объект; 2026ж. – 30 объект; 2027ж. – 15 объект; 2028ж. – 15 объект; 2029ж. – 15 объект; 2023-2029 жылдар Күрделі жөндеуден өткізілетін 26 мектептің 6-ы 2024 жылдан өтпелі. Сонымен қатар, 20 мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін мемлекеттік сатып алу порталында жарияланып, жеңімпаздары анықталған. 3 - мектепке Ауыл ел бесігі бағдарламасымен ЖСҚ-ы 2,640 млрд. теңгеге жасалған. Қалған 23 мектепке 17,6 млрд. теңге қаржы қаралған Бүгінгі күнде 2025 жылға жоспарланған 26 мектептің толықтай күрделі жөндеу жұмыстары басталып өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде. 20 мектептің жобасы 2026 жылға өтпелі ретінде қарастырылған. Өңіріміздің білім сапасын арттыру, қала мектептері мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасының айырмашылығын қысқарту – өзекті мәселе. Осы бағытта облыста білім саласын дамытуға бағытталған жұмыстар ауқымды жүруде. Мектептердің инфраструктурасында оқушыларға тең мүмкіндікті қамтамасыз етуде бірнеше бағыттармен жұмыс жүргізілуде. Өңірде шағын мектептерді қоспағанда (олар 147) облыстағы 773 мектептер 2 167 арнайы пән кабинеттерімен қамтылған. Оның ішінде: 1 525-і жаңа модификацияланған пәндік кабинеттер, бұл көрсеткіш-70,3%-ті құрайды (физика кабинеті-512, химия кабинеті-495, биология кабинеті-426, STEM кабинеті-92). 2024 жылы (265 жоспарланған, 125-і 2025 жылға өтпелі) 140, 2023 жылы өтпелі 180, жалпы 320 кабинет жаңадан алынды. Бүгінгі таңда жаңа модификацияланған кабинет саны – 1 705-ті құрады, қамту пайызы - 78,7% құрады. 2024 жылдан 2025 жылға өтпелі 125 кабинет ағымдағы жылы тамыз айының бірінші онкүндігінде тиісті құжаттар рәсімделіп, пайдалануға беріледі. 5. Мектептерде химия, биология, физика және STEAM пәндік кабинеттерін сатып алу: 2023 жылы – 240 кабинет, 75%; 2024 жылы – 265 кабинет, 80%; 2025 жылы – 220 кабинет, 90%; 2026 жылы – 40 кабинет, 92%; 2027 жылы – 45 кабинет, 94%; 2028 жылы – 45 кабинет, 96%; 2029 жылы – 94 кабинет, 100%. 2023-2029 жылдар Облыс бойынша 105 пәндік кабинет алу жоспарлануда (физика-25, химия-25, биология-25, STEM-25, робототехника-5). 2023 жылы 240 пәндік кабинетке Сауран, Сарыағаш, Кентау және Созақ аудандары 60 кабинетпен қамтылып, 180 кабинет 2024 жылға өтпелі. 6. Білім беру объектілерін бейнебақылау жүйелерімен қосымша жарақтандыру: 2023 ж. – 7251 дана; 2023-2025 жылдар Облысымызда жалпы мемлекеттік 1259 білім беру мекемесі жұмыс жасайды (922 мектеп,265 балабақша, 44 қосымша білім беру, 28 колледж). «Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы № 117 бұйрығына сәйкес, оның персонал мен білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) нақты саны 700 адамға дейінгі білім беру объектілерінің 745-і 1 топқа кіргізілсе, 302 мекеме 2 топқа жатқызылады. Бүгінгі таңда 1259 мемлекеттік мекеменің 940-ы жедел басқару орталығына (ЦОУ) қосылған. Ал, 319-ы талшықты-оптикалық байланыс желісінің жоқтығына байланысты Полиция департаментінің жедел басқару орталықтарына қосылмаған. Осы білім беру ұйымдарын арнайы интернет байланысын (облыстық цифрландыру басқармасы тарапынан шлюз) орнату бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Дабыл батырмасы бойынша 1259 мекемеге (МЖӘ) толық 100% орнатылған. Турникет жүйесін орнату бойынша 2 топқа жатқызылатын 462 мекемеге толық (100%) орнатылған. Арнайы күзетпен 321 мекеме (100%) қамтылған. Сонымен қатар, өңірімізде жекеменшік 1301 білім беру мекемесі жұмыс жасайды (171 мектеп, 1105 балабақша, 25 колледж). Оның 782-і 1 топқа кіргізілсе, қалған 31-і 2 топқа жатқызылады. Бүгінгі таңда жекеменшік мекеменің 782-і Жедел басқару орталығына (ЦОУ) қосылған. Қалған білім беру ұйымдарын жедел басқару орталығына қосу бойынша жекеменшік білім беру ұйымдарының басшыларына нақты тапсырмалар берілуде. Дабыл батырма 1091 мекемеге орнатылған. Турникет жүйесімен 2 топ бойынша 65 мекемеге толықтай орнатылған (100%). Ал, арнайы күзет 439 мекеме (100%) қамтылған. Аталған білім беру ұйымдарын қауіпсіздік жүйелерімен жарақтандыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде және ағымдағы жылдың жаңа оқу жылы басталғанға дейін толық қамтамасыз етіледі. Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын орындау аясында 2023-2025 жылдары шағын қалаларда, аудан орталықтарында және ауылдарда орналасқан 3000 мектепті (жыл сайын 1000 мектепті) бірнеше бағыт: күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу, пәндік кабинеттермен жабдықтау, мектеп жиһазын жаңғырту, мектеп кітапханаларын және асханаларын жаңарту, қауіпсіздік шарттарын жақсарту бойынша 2024 жылы облыстағы 108 мектеп жаңғырту жоспарланып, жүзеге асырылды. Бүгінгі таңға, күрделі жөндеу жұмыстары, ағымдағы жөндеу жұмыстары, жиһазбен қамту, қауіпсіздікпен қамту, мектеп кітапханаларын жаңғырту жұмыстары жоғарыда аталған мектептерде толығымен жүргізілді. Жол картаға сәйкес 2025 жылға дейін жыл сайын 108 мектепті жаңғыртудан өткізу бекітілген. Жаңғырту жобасы аясында, 2025 жылға 22 - мектепке күрделі жөндеу, 60 - мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу және пәндік кабинеттермен қамту, мектеп кітапханаларын жаңғырту, яғни, көркем әдебиеттер сатып алу, сондай-ақ, мектеп жиһаздарын жаңарту, күзет шараларын күшейту жоспарланған. Ал, мектеп асханаларын жаңғырту бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасымен кәсіпкерлер тарапынан жүргізілуде. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда және Түркістан облысының білім басқармасының тікелей бақылауында. 7. Орта білім беру ұйымдарын ішкі әжетханалармен қамтамасыз ету 2023 жыл – 100% 2023-2025 жылдар Облыстағы ортабілім мекемелерінің барлығы ішкі әжетханалармен қамтамасыз етілген. Одан басқа, 114 мектептің ішкі жылы әжетханаларының аралық бөліктерін талапқа сәйкестердіруге және су жүйесінің дұрыс жүргізілуіне жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп мысалы: су толтыратын бөшкелерін, жеке септигінің көлемдерін ұлғайту және т.б. жұмыстары толық аяқталды. 8. Орта білім беру ұйымдарын 20 мбит/с-тан жоғары жылдамдықты Интернет желісімен қамтамасыз ету 2023 жылы – 75% 2024 жылы – 80% 2025 жылы – 85% 2026 жылы – 90% 2027 жылы – 93% 2028 жылы – 97% 2029 жылы – 100% 2023-2025 жылдар Облыстағы 922 мемлекеттік мектептің 906-сы (98,2%) интернетпен қамтамасыз етілген. 447 мектеп – «ҚазақТелеком» АҚ, 175 мектеп – «ТрансТелеком» АҚ арқылы. Мектептердегі интернет жылдамдығын ретке келтіру мақсатында 2024 жылы білім саласынан үнемделге 630 млн. теңге бюджет қаржысына облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы арқылы 284 мектепке Starlink құрылғысы орнатылды. БІЛІМ САПАСЫН БАҒАЛАУ 9. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында «Bilim Land» ЖШС-нің Bilimcentеr.kz цифрлық платформасын пайдалану арқылы мұғалімдер мен оқушыларды оқыту (PISA математика, оқу сауаттылығы, жаратылыстану) (1 мектепке платформаның құны 40 мың тг). 2018 ж: жаратылыстану – 373, математика – 401, оқу сау-аттылығы – 368 2022 ж: Жаратылыстану – 380, математика – 410, оқу сау-аттылығынан – 380 2026 ж: Жаратылыстану – 385, математика – 415, оқу сау-аттылығынан – 385 2023-2025 жылдар 2025 жылы жалпы 39 іс-шара өткізілді. Облыстық кезеңге қатысушылар саны: 27330 Республикалық кезеңге қатысушылар саны: 991 Республикадан жеңімпаздар саны: 354; 10. Облыстың білім алушылары мен педагогтер үшін көркем әдебиет пен кәсіби кітаптарды оқу, дәріптеу, оқу сауаттылығын арттыруға бағытталған «KitapХАН@» іс-шарасы қатысушылар саны, үлесі %: - 2022 жыл - Оқушылар саны – 6000, 1,2 %, мұғалімдер саны – 9000, 14,3 %; - 2023 жыл – Оқушылар саны – 10000, 2 %, мұғалімдер саны – 14000, 24%; - 2024 жыл – Оқушылар саны – 20000, 3,9 %, мұғалімдер саны – 20000, 35 %; - 2025 жыл - Оқушылар саны – 35000, 6,8 %, мұғалімдер саны – 35000, 60%; - 2026 жыл - Оқушылар саны – 45000, 8 ,2%, мұғалімдер саны – 40 000, 61,5 %; - 2027 жыл - Оқушылар саны – 55000, 10 %, мұғалімдер саны – 45000, 69,2%; - 2028 жыл - оқушылар саны – 65000, 11,8 %, мұғалімдер саны – 55000, 84,6 %; - 2029 жыл - оқушылар саны – 80000, 14,5 %, мұғалімдер саны – 65000, 100%; 2023-2029 жылдар Мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаевтың «Оқуға құштар мектеп — оқуға құштар ұлт» жобасы аясында Түркістан облысының білім басқармасы «Білім беруді дамыту орталығы» КММ «KitapХАН» кітап оқу әдісін 2024 жылдың 15 қазаннан бастап дәстүрлі түрде өткізіп келеді. Жобаға жалпы білім беретін мекемелердің педагогтары, басшылық құрамы және оқушылар арасында өтеді. Жобаның мақсаты – аудандық, қалалық білім бөлімдеріне қарасты білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен оқушыларының оқу сауаттылығын, шығармашылық қабілетін арттыру, қоғамда кітап оқу мәдениетін терең қалыптастыру. «KitapХАН» кітап оқыту әдісінің кезеңдері: • Апталық • Айлық • Жылдық «KitapХАН» кітап оқыту әдісі 4 категорияда өткізіледі: • Басшылық құрам • Педагогтар • Оқушылар • Бастауыш сынып оқушылары ІІІ. Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру 11. «Өрлеу» БАҰО АҚ, «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы акционерлік қоғамы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институты», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығында жылма жыл педагогтердің біліктілігін арттыру 2023 ж – 18 728 ; 2024 ж – 19 123; 2025 ж – 13122; 2026 ж – 20703; 2027 ж – 20 308; 2028 ж – 19 128; 2029 ж – 14 702; 2023- 2029 жылдар Жайлы мектептердің педагогтарының біліктілігін арттыру бойынша «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетімен» келісім шарт негізінде 2 693 100 теңге қаржыға қазіргі таңда 41 мұғалімі білімін жетілдірді. Жалпы, 1904 педагогты оқыту бойынша келісім-шарт жасалған. Сондай-ақ, «Назарбаев Зияткерлік мектебі» акционерлік қоғамымен 160 педагог біліктілігін арттыру курсынан өтеуде. Қосымша білім беру 12. Балалардың сауықтыру лагерлерін құру, балалардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту үшін жаңа ірі объектілер салу (оқушылар сарайлары, жас техниктер станциялары, балалар технопарктері, Музыка және көркемсурет мектептері және т. б.): 2023-2027 жылдары облыста республикалық бюджет есебінен 1 «Оқушылар сарайы» мен 7 «Өнер мектебін» салу. Олар: 2024 жылы –600 орындық «Оқушылара сарайы»; 2024 жылы –150 орындық «Өнер мектебі»; 2025 жылы – 150 орындық «Өнер мектебі»; 2025 жылы –150 орындық «Өнер мектебі»; 2026 жылы –150 орындық «Өнер мектебі»; 2027 жылы – 150 орындық «Өнер мектебі»; 2024-2025 жылдар 2023-2027 жылдары облыста республикалық бюджет есебінен 1 «Оқушылар сарайы» мен 7 «Өнер мектебін» салу. Олар: 2025 жылы – 150 орындық «Өнер мектебі»; 2025 жылы –150 орындық «Өнер мектебі»; 2026 жылы –150 орындық «Өнер мектебі»; 2027 жылы – 150 орындық «Өнер мектебі»; Түркістан облысында 2025 жылы балаларды жазғы сауықтыру лагерлерінің саны 28-ді (10 мемлекеттік, 18 жекеменшік) құрап отыр. - әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың 35 000 бала облыстық бюджет есебінен тегін жазғы сауықтырумен қамтылуда; - 15 мыңнан аса бала ата-аналар есебінен ақылы демалады деп жоспарлануда. Бір балаға жазғы сауықтыруға бөлінген қаржы – 59 077 теңгені құрайды. Бүгінгі таңда, 17 мыңнан астам бала жазғы сауықтырудан өткен. Техникалық және кәсіптік білім беу 44 Мемлекеттік тапсырысты орналастыру есебінен сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін ТжКБ жүз пайыз қамтуды қамтамасыз ету: 2023 ж. – 15 300 орын; 2024 ж. – 15 500 орын; 2025 ж. – 16 000 орын; 2023-2025 жылдар Білікті жұмысшы мамандар облыстың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында өндірістік кәсіпорындармен бірлескен еңбек барысында дайындалады. Түркістан облысында дуалдық оқыту процесіне 35 колледж, оның ішінде 24 мемлекеттік, 11 жекеменшік оқу орындары, қатысады 35 колледжде (24 - мемлекеттік колледж, 11 - жекеменшік колледж) 12 сала 64 мамандық, 102 біліктілік бойынша дуальді оқыту жүзеге асырылуда. Облыс колледждеріндегі дуалды оқыту экономикалық сектордың келесідей салаларымен байланысты: құрылыс; автотранспорт; энергетика; мұнай және газ саласы; балық шаруашылығы; коммуналдық шаруашылық; кәсіпкерлік, басқару және құқық; ауыл шаруашылығы; тамақтандыруды ұйымдастыру; машина жасау; жеңіл өнеркәсіп; ІТ; бухгалтерия; темір жол транспорты салалары. Дуальды оқытумен қамтылған студенттер саны 10785 студент, олар 34,7% құрайды. Білім беруді дамытудың 2023–2029 жж. арналған тұжырымдамасының 16-нысаналы индикаторы орындалды. Мемлекеттік тапсырыс негізінде – 10 305 студент, ақылы негізде – 480 студент оқиды. Барлық студенттермен үшжақты келісім шарттар жасалған. 2025-2026 оқу жылына дуалды оқыту бағдарламасына қатысатын жалпы 38 колледж іске асырылатын болады. 2024-2025 жылы дуалды бағдарлама аясында бітірген 1275 студенттердің 41 жұмысқа қабылданды. Түлектерді жұмысмпен қамту бойынша аудандық, қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдаарламалар басқармасымиен бірлесіп жұмыстар жалғастырылуда.Дата публикации
15 июля 2025