2025 жылдың 2 тоқсанында білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу туралы есеп

2025 жылдың 2 тоқсанында білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу туралы есеп 🔹«Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы, сондай-ақ «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетіледі. 🔸Көрсетілетін қызметті алушының осы қызметті орындаушыға тікелей жүгінуіне жол берілмейді. 🔹2025 жылғы 01 сәуір мен 30 маусым аралығында Қазақстан Республикасында алынған білім туралы құжаттарға апостиль қоюға 20 өтініш тіркелген. 🔸 Білім туралы 18 құжатқа апостиль қойылды, оның ішінде: кәсіптік-техникалық білім туралы – 0; жалпы орта білім туралы – 5, негізгі орта білім туралы – 7, анықтама – 5, білім алушылардың үлгерімі туралы табелі – 1. ЖОО құжаты болғандықтан және қызметке төлем төленбегендіктен 2 өтініш бойынша бас тартылған. 🔸Келіп түскен мемлекеттік қызметтердің жалпы саны 20 құрады (18– орындалды, 2 – бас тартылды). ☑️Елдер бойынша бөлу: - Турция-3; - Греция -1; - Польша – 7; - Корея – 5; - Словакия – 2.
Дата публикации
04 июля 2025