Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ғ.Алматовтың 2025 жылы азаматтарды жеке қабылдауы бойынша ақпарат
Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ғ.Алматовтың 2025 жылы азаматтарды жеке қабылдауы бойынша ақпарат Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ғ.Алматовтың азаматтарды жеке қабылдау кестесі 2025 жылы әр айдың екінші және төртінші аптасының сәрсенбі күніне жоспарланған. Азаматтарды жеке қабылдау туралы кестесі Департаменттің ресми сайтында жарияланған. 2025 жылдың 19, 20, 21 ақпан күндері «AMANAT» партиясы Мақтаарал аудандық филиалымен бірлесе Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Алматов Ғалымжан Бауыржанұлы Мақтаарал ауданы тұрғындарының арыз-өтініштері бойынша жеке қабылдау өткізіп, 15 азаматтың арыз-өтініштері тыңдалды. Жеке қабылдауда көтерілген 15 мәселені тиістілігіне орай қарау үшін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитетіне 6 мәселе бойынша, Мақтаарал ауданының білім бөліміне 2 мәселе бойынша ұсыныс хаттар жолданды. Қалған 7 мәселе бойынша дер кезінде жауап беріліп, шешімін тапты. 2025 жылдың 27-28 ақпан күндері «AMANAT» партиясы Сарыағаш аудандық филиалымен бірлесе Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Алматов Ғалымжан Бауыржанұлы Сарыағаш ауданы тұрғындарының арыз-өтініштері бойынша жеке қабылдау өткізіп, 8 азаматтың арыз-өтініштері тыңдалды. Жеке қабылдауда көтерілген 8 мәселені тиістілігіне орай қарау үшін Сарыағаш ауданының білім бөліміне 3 мәселе бойынша ұсыныс хаттар жолданды. Қалған 5 мәселе бойынша дер кезінде жауап беріліп, шешімін тапты. 2025 жылдың 12-13 наурыз күндері Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Алматов Ғалымжан Бауыржанұлы Төлеби ауданы тұрғындарының арыз-өтініштері бойынша жеке қабылдау өткізіп, 10 азаматтың арыз-өтініштері тыңдалды. Жеке қабылдауда көтерілген 10 мәселені тиістілігіне орай қарау үшін Түркістан облысының әкімдігіне 8 мәселе бойынша ұсыныс хаттар жолданды. Қалған 2 мәселе бойынша дер кезінде жауап беріліп, шешімін тапты. 2025 жылдың 29-30 сәуір күндері Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Алматов Ғалымжан Бауыржанұлы Сайрам ауданы тұрғындарының арыз-өтініштері бойынша жеке қабылдау өткізіп, 6 азаматтың арыз-өтініштері тыңдалды. Жеке қабылдауда көтерілген 6 мәселені тиістілігіне орай қарау үшін Түркістан облысының білім басқармасына 1 мәселе бойынша ұсыныс хаттар жолданды. 1 мәселе Департамент тарапынан қаралды. Қалған 4 мәселе бойынша дер кезінде жауап беріліп, шешімін тапты. 2025 жылдың 15-16 мамыр күндері Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Алматов Ғалымжан Бауыржанұлы Шардара ауданы тұрғындарының арыз-өтініштері бойынша жеке қабылдау өткізіп, 5 азаматтың арыз-өтініштері тыңдалды. Жеке қабылдауда көтерілген 5 мәселені тиістілігіне орай қарау үшін Шардара ауданының білім бөліміне 1 мәселе бойынша ұсыныс хат жолданды. Қалған 4 мәселе бойынша дер кезінде жауап беріліп, шешімін тапты. Жеке қабылдауда педагогтердің біліктілігін арттыру, оқушыларды ыстық тамақпен қамту, педагогтер аттестациясы, сынып жетекшілікті өз алдына штат ретінде қарастыру, заңсыз айыппұлдар, білім беру ұйымдары басшылығына қатысты мәселелер, жасанды интеллект, Педагог мәртебесі туралы Заңның орындалу барысы, география пәні оқулықтарын қайта қарау туралы өтініштер айтылды. Сонымен қатар қосымша білім беру орталықтарын ашу, бала санына байланысты психолог штаттарын ашу, біліктілік курстарын ақысыз ету және жылын (5 жылға) ұзарту, бала қауіпсіздігі, білім беру ұйымы құжаттарын рәсімдеу, балабақшаға жүргізілген мониторинг нәтижесі, жұмысқа қабылдауда орын алып отырған бұзушылықтар, жалған диплом, мектеп салу мәселесі, әдіскерлер жалақысын көтеру мәселелері туралы айтылды. Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ғ.Алматовтың азаматтарды 11 жеке қабылдау өткізіп, 44 азаматтың арыз-өтініштері тыңдалды.Дата публикации
04 июля 2025