2025 жылдың 27 маусым күні Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде «Заң мен тәртіп-біздің ұстаным!» атты адалдық сағаты өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты - мемлекеттік қызметшілер арасында құқықтық мәдениетті нығайту, әдеп пен заңды құрметтеу, жауапкершілікті сезіну мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың теріс салдарларын түсіндіру болып табылады.
Адалдық сағаты барысында қатысушыларға еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттары түсіндіріліп, заң талаптарын қатаң сақтау қажеттігі және адал еңбек пен азаматтық жауапкершіліктің маңыздылығы туралы тісіндірілді.