Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаментінің 2025 жылдың 1-тоқсан бойынша жүргізілген бақылау шараларының есебі

Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің (бұдан әрі – Департамент) құзыреті білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ету мақсатында білім беру ұйымдарына сырттай бағалау жүргізу арқылы білім саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру, мемлекеттік қызмет көрсету мен  мемлекеттік бақылау шараларын жүргізу болып табылады.

1.1.Мемлекеттік аттестаттау (бармай профилактикалық бақылау):

Департаменттің негізгі функцияларының бірі ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестататудан өткізу.

Мемлекеттік аттестаттау – білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметтерінің тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатында жүзеге асырылатын рәсім.

Департаменттің 2025 жылы мемлекеттік аттестататудан өтетін білім беру ұйымдарынығ тізбесіне сәйкес 460 білім беру ұйымында (200 балабақша, 260 мектеп) мемлекеттік аттестаттау жүргізу жоспарланған.

Ағымдағы жылдығ 1-тоқсан есебі бойынша 109 мектепке дейінгі білім беру ұйымында мемлекеттік аттестаттау жүргізілді.

Нәтижесінде, 14 балабақша (12,9%) қызметі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының (бұдан әрі МДТО МЖМБС) талаптарына сәйкес келеді деп есептелініп, аттестатталды (6 мемлекеттік, 8 жекеменшік).  

Ал, 95 балабақша (87,1%), оның ішінде 19 мемлекеттік, 76 жекеменщік балабақша қызметі  МДТО МЖМБС талаптарына сәйкес келмей, аттестатталмады.

Қайта мемлекеттік аттестаттау шарасы 2025 жылдың 1-тоқсан есебі бойынша 83 білім беру ұйымында (59 мектеп, 24 балабақша) жүргізілді.

Оның ішінде, 83 білім беру ұйымының (59 мектеп, 24 балабақша) білім беру қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес келіп, аттестатталды.

 Мемлекеттік аттестаттау барысында МЖМБС талаптарын орындауда жалпы ортақ анықталған бұзушылықтар:

Балабақша бойынша:

  • 38 балабақшада - балабақша меңгерушісімен бекітілген жұмыс оқу жоспары мен ұйымдастырылған іс-әрекетің кестесі, күн тәртібінің үлгілік оқу жоспарына сәйкес келмейді;
  • 46 балабақшада- перспективалық жоспар мен циклограмманың, күн тәртібінің үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес келмейді;
  • 25 балабақшада – тәрбиеленушілерді жас ерекшелігіне сәйкес жас топтары бойынша топтастырмаған;
  • 20 балабақшада – топтарда жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларына сәйкес келмейді;
  • 34 балабақшада – педагогтердің біліктілік санатын 5 жылда бір көтеру талаптары сақталмаған;
  • 30 балабақшада - тәрбиешілер тиісті бейініне сәйкес «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандығымен жұмыс атқармайды;
  • 16 балабақшада - мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылмаған балалардың ата-аналары үшін білім беру ұйымдарында ата-аналардың қажеттіліктері ескеріліп, консультациялық пункттер құрылғаны туралы деректер жазылмаған;
  • 26 балабақшада - мектепке дейінгі ұйым мен ата-ана немесе заңды өкілдер арасындағы келісім шарт түзілмеген;
  • 45 балабақшада – педагогтердің біліктілігін 3 жыл сайын арттыру жұмыстары өз деңгейінде жүргізілмеген;
  • 38 балабақшада – даму мониторингісіне жүргізілген бақылау парақтары нәтижесінде түзету жұмыстарын жүргізу үшін тәрбиеленушілерге жеке даму картасы дұрыс жүргізілмеген;

1.3. Оқыту нәтижесіне жүргізілген компьютерлік тестілеу нәтижесі

1.3. Департаменттің 2025 жылға арналған мемлекеттік аттестаттауға жататын білім беру ұйымдарының тізіміне сәйкес 39 орта білім беру ұйымында оқыту нәтижелеріне компьютерлік тестілеу жүргізіліп, Департамент қызметкерлері бақылаушы ретінде қатысты.

Өзін - өзі бағалау кезеңінде жүргізілген оқыту нәтижесіне компьютерлік тестілеу барысында бағалау қорытындылары төмендегідей болды:

4-сынып бойынша 31 мектептен 582 оқушы қатысып, оқыту нәтижелерінің көрсеткіші 40%-дан төмен көрсеткіш көрсеткен 2 мектеп (Шардара ауданының білім бөлімінің "№7 Шардара бастауыш мектеп және «Алтын Ұрпақ» бастауыш мектеп бөбекжай балабақшасы» ЖШС);

9-сыныптар бойынша барлығы 18 мектептен 851 білім алушы қатысып, оң нәтижеге жете алмаған  мектеп болмады.

  • Бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижесі

Бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің 2025 жылдың бірінші  жартыжылдығына бекітілген тізіміне сәйкес 1-тоқан есебімен 7 білім беру ұйымында (4 мектеп, 3 балабақша) ағымдағы жылы бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілді.

Нәтижесінде, 6 білім беру ұйымына анықталған заң бұзушылықтарды жою бойынша нұсқама берілді.  

1 білім беру ұйымында бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілмеді (Сарыағаш ауданында орналасқан "АЛИНУР" бала бақшасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өз қызметін тоқтатқан).

  • Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер

Департаментке  2025  жылдың 1 – тоқсан есебі бойынша Е-Өтініш порталы арқылы 213 өтініш қаралды. Оның ішінде, 52 өтінішті өз құзыреті шегінде қарау үшін жолданған.

Департамент тарапынан 161 өтініш (арыз 138, шағым 4, сұрау салу 12, хабарлама 7).

Бір арыз иесінің өтініші басқа мемлекеттік органдарынан қайталанып келуіне байланысты 12 дубликат келіп түскен.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік Рәсімдік-процестік Кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 70-бабы 1-тармақ 3), 4)тармақшаларына сәйкес әкімшілік рәсімді тоқтатылған өтініштер саны – 74;

Қаралған өтініштер саны – 87;

Жоспардан тыс тексеру арыз-шағым бойынша:

Ағымдағы жылдың есебі бойынша 19 жоспардан тыс тексеру жүргізілді Оның ішінде 10 тексеру нұсқаманың орындалу бойынша жүргізіліп, нәтижесінде 3 нұсқама орындалмауы бойынша Кәсіпкерлік кодекстің 462-бабының 3-бөлігіне сәйкес сотқа жолданды.

Жалпы 12 тексеру бойынша бұзушылық анықталып, 12 нұсқама берілді және 5 әкімшілік іс қозғалды. Лауазымды тұлғаға 35 АЕК  көлемінде 137 620 тг айыппұл салынды. 

Аудан бойынша жоспардан тыс тексеру кесіндісі  (Арыс ауданы -1, Бәйдібек -1, Келес-1, Қазығұрт ауданы - 1,  Сарыағаш ауданы – 1, Түркістан қаласы –2, Мақтаарал ауданы – 2, Ордабасы – 2, Отырар -1, Сайрам ауданы – 3, Созақ -3, Сауран -1, Түлкібас ауданы – 1, Төлеби ауданы -3, Жетісай ауданы -2) жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

2.1. Әкімшілік іс жүргізу бойынша:

2025 жылдың 1- тоқсан есебі бойынша   33 әкімшілік іс қозғалып, 25 АЕК-ге тең 98 300 тг айыппұл салынды (1 лауазымды тұлға).

Атап айтқанда,

ӘҚБтК-тің 409-бабы 2-бөлігі бойынша – 32 іс (1 жеке тұлғаға 5 АЕК, 31 ескерту);

ӘҚБтК-тің 409-бабы 3-бөлігі бойынша – 1 іс (25 АЕК).

Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаментінің 2025 жылдың 1-тоқсан бойынша жүргізілген бақылау шараларының есебі
Дата публикации
02 апреля 2025