2025 ЖЫЛДЫҢ 1 ТОҚСАНЫНДА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНАН ШЫҒАТЫН РЕСМИ ҚҰЖАТТАРДЫ АПОСТИЛЬДЕУ ТУРАЛЫ ЕСЕП

🔹«Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы, сондай-ақ «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетіледі.

🔸Көрсетілетін қызметті алушының осы қызметті орындаушыға тікелей жүгінуіне жол берілмейді.

🔹2025 жылғы 05 қаңтар мен 31 наурыз аралығында Қазақстан Республикасында алынған білім туралы құжаттарға апостиль қоюға 5 өтініш келіп түсті.

🔸Білім туралы 2 құжатқа апостиль қойылды, оның ішінде: кәсіптік-техникалық білім туралы – 0; жалпы орта білім туралы – 2.

Құжаттар тұрғылықты мекен-жайы бойынша жіберілмегендіктен, ЖОО құжаты болғандықтан және қызметке төлем төленбегендіктен 3 өтініш бойынша бас тартылды.

🔸Келіп түскен мемлекеттік қызметтердің жалпы саны 5 құрады (2– орындалды, 3 – бас тартылды).

☑️Елдер бойынша бөлу:

  • Турция-1;
  • Италия-1.
2025 ЖЫЛДЫҢ 1 ТОҚСАНЫНДА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНАН ШЫҒАТЫН РЕСМИ ҚҰЖАТТАРДЫ АПОСТИЛЬДЕУ ТУРАЛЫ ЕСЕП
Дата публикации
01 апреля 2025