✅Лицензия беру бойынша мемлекеттік қызмет электрондық түрде жүзеге асырылады.
✅Көрсетілетін қызметті алушының осы қызметті орындаушыға тікелей жүгінуіне жол берілмейді.
✅ 2025 жылғы 05 қаңтар мен 31 наурыз аралығында лицензиялау мәселелері бойынша 109 өтініш келіп түсті. Оның ішінде қанағаттандырылғаны – 73 өтініш (67%), бас тартылғаны – 36 (33%).
✅ Қанағаттандырылған 73 өтініштің ішінде; бас лицензияға 5 өтініш (5-мектеп), лицензияға қосымшаға 12 (6-мектеп, 6-колледж), лицензия және лицензияға қосымшаларды қайта рәсімделгені-56 (9-мектеп, 47-колледж).
✅ Бас тартылған 36 өтініштің ішінде: бас лицензияға 15 (14-мектеп, 1-колледж), лицензияға қосымшаға-21 (4-мектеп, 17-колледж).
2025 жылғы 05 қаңтар мен 31 наурыз аралығында білім беру қызметін лицензиялау жөніндегі комиссияның 3 отырысы өткізілді.