Бүгін 6 желтоқсан күні департаменттің мемлекеттік қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің өкілі Сарқыт Сағындық Жанабекұлы Әдеп кодексін сақтау мәселелеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Мемлекеттік қызметшілер тарапынан Әдеп қағидаттары мен стандарттарының сақтау сұрақтарына ерекше көңіл бөліп, аталған бағытта ауқымды жұмыстары жүргізіліп жатқандығына тоқталып өтті.
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінде белгіленген қызметтік әдеп стандарттары барлық мемлекеттік қызметшілер үшін міндетті» - деп, Сағындық Жанабекұлы алға тартты.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаментінің Еріктісі, «Түркістан адалдық алаңы» жобалық кеңсе менеджері Қыдырбай Қасиет Өмірбекқызы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын түсіндірді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау (ішкі және сыртқы) – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу жұмыстары жүргізілетіндігі туралы айтып өтті.
Мемлекеттік органдар, ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылдайтынын назарға салды.
Өз кезегінде, департамент басшысы Галымжан Бауыржанұлы Алматов апта аралық аппараттық жиналыстарында тұрақты түрде, сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылық жасамау, алдын алу жөнінде департамент мамандарына үнемі ескертілетінін жеткізді.
Мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шараларын сақтауға бағытталған іс-шаралар күшейтіліп, жеке бақылауға алынғаны және тиісті профилактикалық шаралар жалғасын табатындығы туралы айтты.