Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары туралы

Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары туралы

Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 486 бұйрығымен бекітілген.

Мемлекеттік аттестаттау алдындағы білім беру ұйымдарына (балабақша, мектеп, колледж) бағалау оқу нәтижелеріне бағалау қолдану арқылы мемлекеттік аттестаттау басталғанға дейін бір ай бұрын өткізіледі, сонымен қатар бағаланатын кезең бұрын өткен екі оқу жылы мен ағымдағы оқу жылы болып табылады. Мысалы, мектеп бекітілген кесте бойынша 2024 жылғы желтоқсан айында мемлекеттік аттестаттаудан өткізілетін болса, онда бағаланатын кезең 2022-2023, 2023-2024 оқу жылдары мен 2024-2025 оқу жылының қыркүйек, қазан, қараша айлары болады.

Оқыту нәтижелеріне бағалау 4, 9-сыныптардың білім алушылары арасында компьютерлік форматтағы кешенді тестілеу технологиясы бойынша жүргізіледі. Байқаушы ретінде департаменттің өкілі қатысады.

Білім беру ұйымдары білім беру қызметін келесі нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа ала отырып жүзеге асырады:

- Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» №348 бұйрық;

- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» №500 бұйрық;

- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» №557 бұйрық;

- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» №115 бұйрық;

- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2016 жылғы 12 тамыздағы«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» №499 бұйрық;

- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №125 бұйрық;

- Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы «Тиісті типтердегі және түрлердегі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №385 бұйрық;

- Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, діни білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» №473 бұйрық.

- Балабақшада бағалау өлшемшарттар саны – 9;

- Мектепте бағалау өлшемшарттар саны – 19;

- Колледжде бағалау өлшемшарттар саны – 18.

Мемлекеттік аттестаттау – білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметтерінің тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатында жүзеге асырылатын рәсім.

Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары туралы
Дата публикации
26 ноября 2024