Департаменттің жоспары бойынша жүргізілген профилактикалық бақылаудың нәтижесі

Департаменттің жоспары бойынша жүргізілген профилактикалық бақылаудың нәтижесі

Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті ағымдағы жылдың қазан айында Төлеби ауданындағы "Б.Биболатұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп", "Қаратөбе негізгі орта мектеп" және "Қостөбе" шағын жинақты жалпы білім беретін мектебіне" бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізді. Нәтижесінде, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Ал мемлекеттік аттестаттау барысында анықталған кемшіліктері жойылып, аттестатталды.

Ағымдағы жылдың қазан айында жоспарланған Сайрам ауданындағы "№94 жалпы білім беретін мектеп", «Түлкібас көпсалалы колледжі»жауапкершілігі шектеулі серіктестігі" және «Этнопедагогикалық колледж» жеке мекемесі" білім беру қызметін тоқтатқандықтан бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілмеді.

Департаменттің жоспары бойынша жүргізілген профилактикалық бақылаудың нәтижесі
Дата публикации
11 ноября 2024