ЖАС БАСШЫЛАРҒА ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК
Білім беру ұйымының басшысы – білім беру саласында болып жатқан өзгерістерді жүзеге асырудың табыстылығын айқындайтын білім саласының басты тұлғасы.
Жаңа басшы білім беру ұйымына келгенде көптеген ақпаратпен жұмыс істеуіне тура келеді. Оны өңдеп, өзінің жергілікті актісін шығаруы керек. Сол себепті оқу-тәрбие процесінде негізгі құжаттарды дер кезінде ретке келтіру маңызды.
Осы ретте, жас білім беру ұйымының басшыларына оқу-тәрбие процесінде қандай бұйрықтарды шығару, қандай жоспарды бекіту немесе басқа да қандай құжаттарды реттеп қоюына әдістемелік көмек көрсетіп жіберсем деймін.
Мұнда қандай құжаттарға назар аудару қажет? Атап айтқанда:
- педагог мәртебесін айқындайтын, педагогтің құқықтарын, әлеуметтік кепілдіктерін және шектеулерін, міндеттері мен жауапкершілігін белгілейтін «Педагог мәртебесі туралы» заң талаптарының сақталуын (ҚР 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 293 заңы);
- мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптарының сақталуын (ҚР ОАМ 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы);
- білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесі және олардың нысандары (ҚР БжҒМ 06.04.2020 ж., № 130 бұйрығы);
- білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары (ҚР ОАМ 24.11.2022 ж. № 473 бұйрығы);
- педагогтер мен қосалқы персоналды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің штаттық кестесін және лауазымдық міндеттерін бекітеді, олардың кәсіби құзыреттілігін арттыру үшін жағдай жасайды (ҚР БҒМ 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығы);
- білім беру ұйымының ішкі тәртіп қағидаларының және педагогтер мен білім алушылардың жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимін сақталуы (ҚР БжҒМ 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 153 бұйрығы);
- педагогикалық кеңестің құрамына білім беру ұйымдарының барлық педагогтары кіреді, педагогикалық кеңес өз құрамынан бір оқу жылы мерзіміне төрағаны, хатшыны сайлайды, педагогикалық кеңестің құрамы бір оқу жылына білім беру ұйымының басшысының бұйрығымен бекітіледі (ҚР БжҒМ 16.05.2008 ж., № 272 бұйрығы);
- Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығы);
- педагогтерді аттестаттау «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес бес жылда бір реттен сиретпей өткізіледі (ҚР БжҒМ 27.01.2016 ж., № 83 бұйрығы);
- білім беру ұйымы жыл сайын педагогтердің біліктілігін арттырудың перспективалық даму жоспарын жасайды және өтінім дайындайды (ҚР БжҒМ 28.01.2016 ж., № 95 бұйрығы);
- бірінші сыныпқа қабылданатын баланың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірі мен 31 тамызы аралығында жүзеге асыру (ҚР БжҒМ 12.10.2018 ж., № 564 бұйрығы);
- білім беру ұйымы мен баланың ата-анасы (заңды өкілі) арасындағы өзара қарым-қатынасты реттеу мақсатында білім беру қызметтерін көрсету үшін келісім шартқа тұрады (ҚР БжҒМ 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 93 бұйрығы);
- мемлекеттік білім беру ұйымының педагог лауазымына орналасу тәртібі конкурс арқылы жүзеге асыру (ҚР БжҒМ 21.02.2012 ж. № 57 бұйрығы);
- мемлекеттік аттестаттау алдындағы білім беру ұйымдарына бағалау оқу нәтижелеріне бағалау қолдану арқылы мемлекеттік аттестаттау басталғанға дейін бір ай бұрын өткізіледі, сонымен қатар бағаланатын кезең бұрын өткен екі оқу жылы мен ағымдағы оқу жылы болып табылады (ҚР ОАМ 05.12.2022 ж. № 486 бұйрығы);
- білім алушылардың оқу жетістігін бағалау формативтік және жиынтық бағалау нысандарында жүзеге асырылады (ҚР БжҒМ 18.03.2008 ж. № 125 бұйрығы) және т.б.