Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің 2024 жылдың 9 айда атқарылған жұмыстардың есебі

Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің 2024 жылдың 9 айда атқарылған жұмыстардың есебі

          Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің (бұдан әрі – Департамент) құзыретіне білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ету мақсатында білім беру ұйымдарына сырттай бағалау жүргізу арқылы білім саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру және мемлекеттік бақылау шараларын жүргізу болып табылады.

1.1.Мемлекеттік аттестаттау (бармай профилактикалық бақылау):

Департаменттің негізгі функцияларының бірі ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестататудан өткізу болып табылады.

        Мемлекеттік аттестаттау – білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметтерінің тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатында жүзеге асырылатын рәсім.

Анықтама ретінде айта кетсем:

Облысымызда 2526 білім беру ұйымы (1411 мектепке дейінгі, 1065 орта білім беру және 50 техникалық және кәсіптік білім беру) білім беру қызметін жүргізеді.

Оның ішінде, 1266 мемлекеттік (314 балабақша, 923 мектеп, 29 колледж), 1260 мемлекеттік емес (1097 балабақша, 142 мектеп, 21 колледж) білім беру ұйымдары. 

   Департаментпен 2024 жылы 498 білім беру ұйымында (193 балабақша, 304 мектеп, 1 колледж) мемлекеттік аттестаттау жүргізу жоспарланған. 

Ағымдағы жылдың 9 ай  есебі бойынша мемлекеттік аттестаттауға жататын білім беру ұйымдарының тізбесіне сәйкес 379 білім беру ұйымында мемлекеттік аттестаттау жүргізілді, жоспар 76,1% орындалды (184 балабақша (мемлекеттік-64, жекеменшік-120), 195 мектеп (мемлекеттік-191, жекеменшік-4).

Нәтижесінде, мемлекеттік аттестаттау барысында 50 (13,1%) білім беру ұйымы, оның ішінде 32 балабақша (17,3%), 18 мектеп (9,2%), мемлекеттік  аттестаттаудан өтті.

Ал, 329 білім беру ұйымы (86,8%), оның ішінде 152 балабақша  (82,7%), 177 мектеп (90,8%) бірінші ретте мемлекеттік аттестаттаудан өтпеді. Бұл мемлекеттік аттестаттау жүргізілген білім беру ұйымының 86,8 %-ды  құрайды (Слайд №4).

  • Қайта мемлекеттік аттестаттау шарасы 283 білім беру ұйымында (1 колледж, 139 мектеп, 143 балабақша) жүргізілді.

Оның ішінде, 262 білім беру ұйымының (127 мектеп, 135 балабақша) білім беру қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес келіп, аттестатталды.

Ал, 21 білім беру ұйымының (1 колледж, 12 мектеп, 8 балабақша) қайта мемлекеттік аттестаттау нәтижесінде берілген бұзушылықтары толық жойылмай, қайта мемлекеттік аттестаттаудан өтпеді.

      Қайта мемлекеттік аттестаттаудан өтпеген 1 колледж ("Түлкібас көпсалалы колледжі"), 12 мектеп (Сайрам ауданы, №29 Керім ТленшинЖБМ,  Төлеби ауданының білім бөлімінің "Б.Биболатұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебі, Төлеби ауданының білім бөлімінің "Қаратөбе" негізгі орта мектебі, Сайрам ауданының білім бөлімінің "Бөкейхан атындағы жалпы орта мектебі, Жетісай ауданының білім бөлімінің "Қ.А.Яссауи атындағы №22 жалпы орта мектебі, Сайрам ауданының білім бөлімінің "№27 "Аққала" жалпы орта мектебі, Төлеби ауданының білім бөлімінің "Қостөбе" шағын жинақты жалпы орта білім беретін мектебі, "High school" of Saryagash" ("Хай Скул" оф Сарыагаш") зияткерлік білім беру мектебі» ЖШС, Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№94 жалпы орта мектебі, "А.Арынбек" ЖШС, "КҮМІС КҮЛКІ-2" ЖШС,  Мақтаарал ауданының білім бөлімінің "А.Фердауси атындағы №24 ЖББМ), 8 балабақша ("Ай-Шолпан" бөбекжай балабақшасы»ЖМ, "Нурбөбек" балабақшасы»ЖШС, "Болашақ" бөбекжай бала бақшасы" МКҚК, "АЛИНУР" бала бақшасы"ЖШС, "Шалқан" бөбекжай балабақшасы"ЖШС, "Мемлекеттік арнаулы (коррекциялық) "Денсаулық-Жетісай" бөбекжай балабақшасы,«Қарашаш ана» балабқшасы, «Әсіл-ай» балабақшасы).

Қайта мемлекеттік аттестатауданы өтпеген 15 білім беру ұйымы (2 колледж, 8 мектеп, 5 балабақша) 2024 жылдың ІІ жартыжылдығында  бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу тізіміне жоспарданды. Ал, қалған 6 білім беру ұйымы (3 мектеп, 3 балабақша) 2025 жылдың І жарты жылдығында жүргізілетін бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі деп жоспарлануда.

  1. Жоспардан тыс тексеру.

Департаментке  2024  жылдың 9 ай есебі бойынша, Е-Өтініш порталы арқылы 329 өтініші тіркеліп, қаралды.

Оның ішінде, 16 дубликат,  278 арыз, 24 шағым, 2 ұсыныс,                          25 (хабарлама, сұраныс, үндеу).

Қазақстан Республикасының Әкімшілік Рәсімдік-процестік Кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 70-бабы 1-тармақ 3), 4)тармақшаларына сәйкес әкімшілік рәсімді тоқтатылған өтініштер саны – 27;

Қаралған өтініштер саны – 267;

ҚР ӘРПК-нің 65-бабы 1-тармағы бойынша басқа мемлекеттік органдарға жолданған өтініштер саны – 66.

ҚР ӘРПК-нің 65-бабы 3-тармағы бойынша басқа мемлекеттік органдарға ішінара жолданған өтініштер саны – 69.

Жоспардан тыс тексеру арыз-шағым бойынша:

Ағымдағы жылдың 9 ай есебі бойынша 24 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, 21 арыз бойынша бұзушылық анықталып, 21 нұсқама берілді және 3 әкімшілік іс қозғалды  45 АЕК  көлемінде 166140 тг айыппұл салынды.  

Аудан бойынша түскен арыз-шағымдарға  (Арыс ауданы -1, Қазығұрт ауданы -1,  Сарыағаш ауданы – 4, Түркістан қаласы –3, Мақтаарал ауданы – 5, Сайрам ауданы – 1, Түлкібас ауданы – 3, Төлеби ауданы -1, Шардара-1, Жетісай ауданы -3) жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

2.1. Әкімшілік іс жүргізу бойынша:

  1. 2024 жылдың 9 ай есебі бойынша – 109 әкімшілік іс қозғалған.
  2. Прокуратурадан, мемлекеттік органдардан келген ұсыныстар бойынша 111 (31 заңды тұлғаға, 80 лауазымды тұлғаға) әкімшілік іс толтырылып, 930 АЕК-ге тең 3 433 560 тг айыппұл,
  3. Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 409-бабының 7-тармағы 3)тармақшасы негізінде «ескерту» түрінде 1 әкімшілік іс,
  4. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 409-бабы 4-бөлігі бойынша 34 іс қозғалып, 510 АЕК-ге тең 1 882 920 тг айыппұл,
  5. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 409-бабы 7-2-бөлігі бойынша 74 іс қозғалып, 370 АЕК-ге тең 1 366 040 тг айыппұл,

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 409-бабы 3-бөлігі бойынша 1 іс қозғалып, 50 АЕК-ге тең  184 600 тг

Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің 2024 жылдың 9 айда атқарылған жұмыстардың есебі
Дата публикации
23 октября 2024