ҰСТАЗ - ҰЛАҒАТТЫ ЕСІМ!
Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім — тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт — бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.
Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.
Осындай жолы мен жөні бөлек аяулы ұстазымыз, Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы қызметін атқарған, қазірде Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-да ұстаздық етіп жатқан —Мұхамеджанов Бахытжан Қалжанұлын арнайы мереке қарсаңында Комитет төрағасы Ернұр Нұрланұлы Дауенов атынан алғыс хатын департаменттің қызметкерлері Жанар Касымова мен Серік Пахымбет ресми табыстады.
“Ұрпақ тәрбиелеу жолындағы толымды еңбектеріңізге шын пейілмен алғыс айта отырып, «Ұстаздар күні» мерекесімен сізді құттықтаймыз. Отбасыңызға амандық, деніңізге саулық тілейміз!”