2024 ЖЫЛДЫҢ 9 АЙЫНДА БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІМЕН АЙНАЛЫСУҒА ЛИЦЕНЗИЯ БЕРУ ТУРАЛЫ ЕСЕП
✅Лицензия беру бойынша мемлекеттік қызмет электрондық түрде жүзеге асырылады.
✅Көрсетілетін қызметті алушының осы қызметті орындаушыға тікелей жүгінуіне жол берілмейді.
✅ 2024 жылғы 01 қаңтар мен 30 қыркүйек аралығында лицензиялау мәселелері бойынша 260 өтініш келіп түсті. Оның ішінде қанағаттандырылғаны – 133 өтініш (51,1%), бас тартылғаны – 127 (48,9%).
✅ Қанағаттандырылған 133 өтініштің ішінде; бас лицензияға 25 өтініш (25-мектеп), лицензияға қосымшаға 28 (24-мектеп, 4 колледж), лицензия және лицензияға қосымшаларды қайта рәсімделгені-80 (76-мектеп, 4-колледж).
✅ Бас тартылған 127 өтініштің ішінде: бас лицензияға 51 (51-мектеп), лицензияға қосымшаға-67 (42-мектеп, 25-колледж), лицензия және лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеу-9 (8-мектеп, 1-колледж).
2024 жылғы 01 қаңтар мен 30 қыркүйек аралығында білім беру қызметін лицензиялау жөніндегі комиссияның 8 отырысы өткізілді.