2024 ЖЫЛДЫҢ 3 ТОҚСАНЫНДА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНАН ШЫҒАТЫН РЕСМИ ҚҰЖАТТАРДЫ АПОСТИЛЬДЕУ ТУРАЛЫ ЕСЕП

2024 ЖЫЛДЫҢ 3 ТОҚСАНЫНДА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНАН ШЫҒАТЫН РЕСМИ ҚҰЖАТТАРДЫ АПОСТИЛЬДЕУ ТУРАЛЫ ЕСЕП

🔹«Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы, сондай-ақ «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетіледі.

🔸Көрсетілетін қызметті алушының осы қызметті орындаушыға тікелей жүгінуіне жол берілмейді.

🔹2024 жылғы 01 шілде мен 30 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасында алынған білім туралы құжаттарға апостиль қоюға 66 өтініш келіп түсті.

🔸Білім туралы 42 құжатқа апостиль қойылды, оның ішінде: кәсіптік-техникалық білім туралы – 3; жалпы орта білім туралы – 39.

Құжаттар тұрғылықты мекен-жайы бойынша жіберілмегендіктен, ЖОО-ның құжаты және білім беру ұйымының құжаты болып табылмағандықтан  24 өтініш бойынша бас тартылды.

🔸Келіп түскен мемлекеттік қызметтердің жалпы саны 66 құрады (42– орындалды, 24 – бас тартылды).

☑️Елдер бойынша бөлу:

  • Түркия-31;
  • Польша-4;
  • Италия-2;
  • Чехия-2;
  • Словакия-1;
  • Болгария-1;
  • Венгрия-1.
2024 ЖЫЛДЫҢ 3 ТОҚСАНЫНДА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНАН ШЫҒАТЫН РЕСМИ ҚҰЖАТТАРДЫ АПОСТИЛЬДЕУ ТУРАЛЫ ЕСЕП
Дата публикации
03 октября 2024