Департаменттің жоспары бойынша 2024 жылдың 26 тамыз-2 қыркүйек күндері жүргізілген мемлекеттік аттестаттаудың нәтижесі
2024 жылдың 26 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында 8 білім беру ұйымында (Кентау қаласы,"Ш.Қанайұлы атындағы № 2 жалпы білім беретін мектеп, Қазығұрт ауданының білім бөлімінің "Елшібек батыр атындағы мектеп-лицей, Келес ауданы,«№49 «Қоңыртөбе» жалпы білім беретін мектеп, Келес ауданы,«№54 Т.Рысқұлов атындағы жалпы білім беретін мектеп, Келес ауданы, «№51 Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектеп, Келес ауданы, «№21 жалпы білім беретін мектеп, Қазығұрт ауданы,"Қосағаш жалпы білім беретін мектеп, Қазығұрт ауданы,«Әбдікәрім Бектаев атындағы жалпы білім беретін мектеп) мемлекеттік аттестаттау жүргізілді. Нәтижесінде, 8 мектеп мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес келмей, аттестатталмады.