Департаменттің 2024 жылдың 5 ай есебі бойынша Бару арқылы жүргізілген профилактикалық бақылау шаралары:
Қазақстан Республикасы Оқу – ағарту министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы №365 бұйрығына сәйкес 2024 жылдың І жартыжылдығында 7 білім беру ұйымында бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жоспарланды.
Жоспарға сәйкес 5 айлық есеп бойынша 5 білім беру ұйымында (3 метеп, 2 балабақша) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілді.
Нәтижесінде, 5 білім беру ұйымында білім саласындағы заңнамалар толық орындалмай, «Заң бұзушылықтарды жою туралы» нұсқама берілді.
Ағымдағы жылдың маусым айына 2 балабақшада бару арқылы профилактикалыө бақылау жүргізу жоспарланып отыр, алдын ала 10 мамыр күніне дейін балабақшаларға бару арқылы профидактикалық бақылау жүргізілетіні хабарланды.