Департаменттің 2024 жылдың 5 ай есебі бойынша жүргізілген мемлекеттік аттестаттау (бармай профилактикалық бақылау) шаралары:
Департаменттің негізгі функцияларының бірі ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестататудан өткізу болып табылады.
Департаментпен 2024 жылы 498 білім беру ұйымында (193 балабақша, 304 мектеп, 1 колледж) мемлекеттік аттестаттау жүргізу жоспарланған.
Ағымдағы жылдың 5 айлық есебі бойынша мемлекеттік аттестаттауға жататын білім беру ұйымдарының тізбесіне сәйкес 213 білім беру ұйымында мемлекеттік аттестаттау өткізілді, жоспар 42,7% орындалды.
Мемлекеттік аттестаттау жүргізілген 213 (42,7%) білім беру ұйымының 88 балабақша (мемлекеттік-42, жекеменшік-46), 125 мектеп (мемлекеттік-121, жекеменшік-4).
Нәтижесінде, мемлекеттік аттестаттау барысында 29 білім беру ұйымы (13,6%), оның ішінде 15 балабақша (17%), 14 мектеп (11,2%), мемлекеттік аттестаттаудан өтті.
Ал, 184 білім беру ұйымы (86,3%), оның ішінде 73 балабақша (82,9%), 111 мектеп (88,8%) бірінші ретте мемлекеттік аттестаттаудан өтпеді. Бұл мемлекеттік аттестаттау жүргізілген білім беру ұйымының 86,3 %-ды құрайды.
Қайта мемлекеттік аттестаттау шарасы 188 білім беру ұйымында (1 колледж, 129 мектеп, 87 балабақша) жүргізілді.
Оның ішінде, 170 білім беру ұйымының (118 мектеп, 81 балабақша) білім беру қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес келіп, аттестатталды.
Ал, 18 білім беру ұйымының (1 колледж, 11 мектеп, 6 балабақша) қайта мемлекеттік аттестаттау нәтижесінде берілген бұзушылықтары толық жойылмай, қайта мемлекеттік аттестаттаудан өтпеді.
Қайта мемлекеттік аттестаттаудан өтпеген 1 колледж ("Түлкібас көпсалалы колледжі"), 11 мектеп (Төлеби ауданының білім бөлімінің "Б.Биболатұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебі, Төлеби ауданының білім бөлімінің "Қаратөбе" негізгі орта мектебі, Сайрам ауданының білім бөлімінің "Бөкейхан атындағы жалпы орта мектебі, Жетісай ауданының білім бөлімінің "Қ.А.Яссауи атындағы №22 жалпы орта мектебі, Сайрам ауданының білім бөлімінің "№27 "Аққала" жалпы орта мектебі, Төлеби ауданының білім бөлімінің "Қостөбе" шағын жинақты жалпы орта білім беретін мектебі, "High school" of Saryagash" ("Хай Скул" оф Сарыагаш") зияткерлік білім беру мектебі» ЖШС, Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№94 жалпы орта мектебі, "А.Арынбек" ЖШС, "КҮМІС КҮЛКІ-2" ЖШС, Мақтаарал ауданының білім бөлімінің "А.Фердауси атындағы №24 ЖББМ), 6 балабақша ("Ай-Шолпан" бөбекжай балабақшасы»ЖМ, "Нурбөбек" балабақшасы»ЖШС, "Болашақ" бөбекжай бала бақшасы" МКҚК, "АЛИНУР" бала бақшасы"ЖШС, "Шалқан" бөбекжай балабақшасы"ЖШС, "Мемлекеттік арнаулы (коррекциялық) "Денсаулық-Жетісай" бөбекжай балабақшасы).
Қайта мемлекеттік аттестатауданы өтпеген 15 білім беру ұйымы (2 колледж, 8 мектеп, 5 балабақша) 2024 жылдың ІІ жартыжылдығында бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу тізіміне жоспарданды. Ал, қалған 3 білім беру ұйымы (2 мектеп, 1 балабақша) 2025 жылдың І жарты жылдығында жүргізілетін бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі деп жоспарлануда.