2024 ЖЫЛДЫҢ 1 ТОҚСАНЫНДА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНАН ШЫҒАТЫН РЕСМИ ҚҰЖАТТАРДЫ АПОСТИЛЬДЕУ ТУРАЛЫ ЕСЕП

2024 ЖЫЛДЫҢ 1 ТОҚСАНЫНДА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНАН ШЫҒАТЫН РЕСМИ ҚҰЖАТТАРДЫ АПОСТИЛЬДЕУ ТУРАЛЫ ЕСЕП

🔹«Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы, сондай-ақ «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетіледі.

🔸Көрсетілетін қызметті алушының осы қызметті орындаушыға тікелей жүгінуіне жол берілмейді.

🔹2024 жылғы 01 қаңтар мен 31 наурыз аралығында Қазақстан Республикасында алынған білім туралы құжаттарға апостиль қоюға 27 өтініш келіп түсті.

🔸Білім туралы 1 құжатқа апостиль қойылды, оның ішінде: жоғары білім туралы – 0; кәсіптік-техникалық білім туралы – 0; жалпы орта білім туралы – 1.

Құжаттар тұрғылықты мекен-жайы бойынша жіберілмегендіктен және білім беру ұйымының құжаты болып табылмағандықтан  26 өтініш бойынша бас тартылды.

🔸Келіп түскен мемлекеттік қызметтердің жалпы саны 27 құрады (1– орындалды, 26 – бас тартылды).

☑️Елдер бойынша бөлу:

  • Турция-1.
2024 ЖЫЛДЫҢ 1 ТОҚСАНЫНДА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНАН ШЫҒАТЫН РЕСМИ ҚҰЖАТТАРДЫ АПОСТИЛЬДЕУ ТУРАЛЫ ЕСЕП
Дата публикации
22 апреля 2024