2023 ЖЫЛДЫҢ 4 ТОҚСАНЫНДА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНАН ШЫҒАТЫН РЕСМИ ҚҰЖАТТАРДЫ АПОСТИЛЬДЕУ ТУРАЛЫ ЕСЕП
🔹«Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы, сондай-ақ «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетіледі.
🔸Көрсетілетін қызметті алушының осы қызметті орындаушыға тікелей жүгінуіне жол берілмейді.
🔹2023 жылғы 01 қазан мен 31 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасында алынған білім туралы құжаттарға апостиль қоюға 14 өтініш келіп түсті.
🔸Білім туралы 3 құжатқа апостиль қойылды, оның ішінде: жоғары білім туралы – 0; кәсіптік-техникалық білім туралы – 0; жалпы орта білім туралы – 3.
Құжаттар тұрғылықты мекен-жайы бойынша жіберілмегендіктен және білім беру ұйымының құжаты болып табылмағандықтан 11 өтініш бойынша бас тартылды.
🔸Келіп түскен мемлекеттік қызметтердің жалпы саны 14 құрады (3– орындалды, 11 – бас тартылды).
☑️Елдер бойынша бөлу: