2023 ЖЫЛДЫҢ 4 ТОҚСАНЫНДА БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІМЕН АЙНАЛЫСУҒА ЛИЦЕНЗИЯ БЕРУ ТУРАЛЫ ЕСЕП
✅Лицензия беру бойынша мемлекеттік қызмет электрондық түрде жүзеге асырылады.
✅Көрсетілетін қызметті алушының осы қызметті орындаушыға тікелей жүгінуіне жол берілмейді.
✅Бұл бағыттағы мемлекеттік қызметтердің ең көп саны лицензияға қосымшаларды беруге келеді.
✅2023 жылғы 01 қазан мен 31 желтоқсан аралығында лицензиялау мәселелері бойынша 771 өтініш келіп түсті. Оның ішінде қанағаттандырылғаны – 727 өтініш (94%), бас тартылғаны-44 (6%).
✅ Қанағаттандырылған 727 өтініштің ішінде; бас лицензияға 14 өтініш (14-мектеп), лицензияға қосымша берілгендері 14 (14-мектеп), лицензия және лицензияға қосымшаларды қайта рәсімделгені-699 (678-мектеп, 21-колледж).
✅ Бас тартылған 44 өтініштің ішінде: бас лицензияға 14 өтініштің (14-мектеп), лицензияға қосымшаға-13 (3-мектеп, 10-колледж), лицензия және лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеу-17 (15-мектеп, 2-колледж).
2023 жылғы 01 қазан мен 31 желтоқсан аралығында білім беру қызметін лицензиялау жөніндегі комиссияның 4 отырысы өткізілді.