Түркістан облысының білім беру ұйымдарының назарына !!!
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының 157-тармағына сай, мемлекеттік ұйым кандидаттың құжаттарын қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Ақпараттық сервисі арқылы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне жолдауы қажет.
Сондай-ақ педагог мәртебесі туралы Заңнаманы бұзғаны туралы сұрау салуды Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету аумақтық департаментке жолданады.
Түркістан облысының білім беру ұйымдарының назарына !!!Дата публикации
19 декабря 2023