2023 ЖЫЛДЫҢ 9 АЙЫНДА БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІМЕН АЙНАЛЫСУҒА ЛИЦЕНЗИЯ БЕРУ ТУРАЛЫ

✅Лицензия беру бойынша мемлекеттік қызмет электрондық түрде жүзеге асырылады.

✅Көрсетілетін қызметті алушының осы қызметті орындаушыға тікелей жүгінуіне жол берілмейді.

✅Бұл бағыттағы мемлекеттік қызметтердің ең көп саны лицензияға қосымшаларды беруге келеді.

✅2023 жылғы 01 қаңтар мен 30 қыркүйек аралығында лицензиялау мәселелері бойынша 445 өтініш келіп түсті. Оның ішінде қанағаттандырылғаны – 331 өтініш (74%), бас тартылғаны- 114 (26%).

✅ Қанағаттандырылған 331 өтініштің ішінде; бас лицензияға 28 өтініш (26-бастауыш, 2-жалпы орта),  лицензияға қосымша берілгендері 56 (44-мектеп, 12-техникалық және кәсіптік), лицензия және лицензияға қосымшаларды қайта рәсімделгені-247 (223-мектеп, 24-колледж).

✅ Бас тартылған 114 өтініштің ішінде: бас лицензияға 55 өтініштің (51-мектеп, 4-колледж), лицензияға қосымшаға-43 (21-мектеп, 22-колледж), лицензия және лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеу-16 (14-мектеп, 2-колледж).

2023 жылғы 01 қаңтар мен 30 қыркүйек аралығында білім беру қызметін лицензиялау жөніндегі комиссияның 9 отырысы өткізілді.

2023 ЖЫЛДЫҢ 9 АЙЫНДА БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІМЕН АЙНАЛЫСУҒА ЛИЦЕНЗИЯ БЕРУ ТУРАЛЫ
Дата публикации
09 октября 2023