✅Лицензия беру бойынша мемлекеттік қызмет электрондық түрде жүзеге асырылады.
✅Көрсетілетін қызметті алушының осы қызметті орындаушыға тікелей жүгінуіне жол берілмейді.
✅Бұл бағыттағы мемлекеттік қызметтердің ең көп саны лицензияға қосымшаларды беруге келеді.
✅2023 жылғы 01 шілде мен 30 қыркүйек аралығында лицензиялау мәселелері бойынша 299 өтініш келіп түсті. Оның ішінде қанағаттандырылғаны – 232 өтініш (78%), бас тартылғаны- 67 (22%).
✅ Қанағаттандырылған 232 өтініштің ішінде; бас лицензияға 16 өтініш (15-бастауыш, 1-жалпы орта), лицензияға қосымша берілгендері 40 (31-мектеп, 9-техникалық және кәсіптік), лицензия және лицензияға қосымшаларды қайта рәсімделгені-176 (175-мектеп, 1-колледж).
✅ Бас тартылған 67 өтініштің ішінде: бас лицензияға 29 өтініштің (29-мектеп), лицензияға қосымшаға-30 (13-мектеп, 17-колледж), лицензия және лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеу-8 (8-мектеп).
2023 жылғы 01 шілде мен 30 қыркүйек аралығында білім беру қызметін лицензиялау жөніндегі комиссияның 4 отырысы өткізілді.