2023 ЖЫЛДЫҢ 9 АЙЫНДА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНАН ШЫҒАТЫН РЕСМИ ҚҰЖАТТАРДЫ АПОСТИЛЬДЕУ ТУРАЛЫ

🔹«Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы, сондай-ақ «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетіледі.

🔸Көрсетілетін қызметті алушының осы қызметті орындаушыға тікелей жүгінуіне жол берілмейді.

🔹2023 жылғы 01 қаңтар мен 30 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасында алынған білім туралы құжаттарға апостиль қоюға 133 өтініш келіп түсті.

🔸Білім туралы 92 құжатқа апостиль қойылды, оның ішінде: жоғары білім туралы – 25; кәсіптік-техникалық білім туралы – 7; жалпы орта білім туралы – 56, басқа-4.

🔹Құжаттар білім беру мекемесімен расталмағандықтан, тұрғылықты мекен-жайы бойынша жіберілмегендіктен және төлем төлемегендіктен 41 өтініш бойынша бас тартылды.

🔸Келіп түскен мемлекеттік қызметтердің жалпы саны 133 құрады (92– орындалды, 41 – бас тартылды).

☑️Елдер бойынша бөлу:

  • Түркия-35;
  • Чехия-10;
  • Азербайджан-8;
  • Корея-7;
  • Польша-6;
  • Грекия-6;
  • Италия-5;
  • Ресей-5;
  • Литва-4;
  • Венгрия-2;
  • АҚШ-2;
  • Финляндия-1;
  • Қытай, Гонконг-1.
2023 ЖЫЛДЫҢ 9 АЙЫНДА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНАН ШЫҒАТЫН РЕСМИ ҚҰЖАТТАРДЫ АПОСТИЛЬДЕУ ТУРАЛЫ
Дата публикации
09 октября 2023