2023 ЖЫЛДЫҢ 3 ТОҚСАНЫНДА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНАН ШЫҒАТЫН РЕСМИ ҚҰЖАТТАРДЫ АПОСТИЛЬДЕУ ТУРАЛЫ

🔹«Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы, сондай-ақ «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетіледі.

🔸Көрсетілетін қызметті алушының осы қызметті орындаушыға тікелей жүгінуіне жол берілмейді.

🔹2023 жылғы 01 шілде мен 30 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасында алынған білім туралы құжаттарға апостиль қоюға 101 өтініш келіп түсті.

🔸Білім туралы 74 құжатқа апостиль қойылды, оның ішінде: жоғары білім туралы – 18; кәсіптік-техникалық білім туралы – 7; жалпы орта білім туралы – 49.

🔹Құжаттар тұрғылықты мекен-жайы бойынша жіберілмегендіктен 27 өтініш бойынша бас тартылды.

🔸Келіп түскен мемлекеттік қызметтердің жалпы саны 101 құрады (74– орындалды, 27 – бас тартылды).

☑️Елдер бойынша бөлу:

  • Түркия-35;
  • Чехия-7;
  • Азербайджан-6;
  • Польша-5;
  • Ресей-5;
  • Италия-4;
  • Корея-4;
  • Венгрия-2;
  • Грекия-2;
  • АҚШ-2;
  • Қытай, Гонконг-1;
  • Литва-1.
2023 ЖЫЛДЫҢ 3 ТОҚСАНЫНДА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНАН ШЫҒАТЫН РЕСМИ ҚҰЖАТТАРДЫ АПОСТИЛЬДЕУ ТУРАЛЫ
Дата публикации
09 октября 2023