Педагогикалық әдеп және педагогтердің құқықтарын қорғау жөніндегі консультативтік кеңесші органның 2023 жылғы 1 тоқсандағы жұмыстары

Педагогикалық әдеп және педагогтердің құқықтарын қорғау жөніндегі консультативтік кеңесші органның 2023 жылғы 1 тоқсандағы жұмыстары

✅  Консультативтік кеңесші органның педагогикалық этика және педагог құқықтарын қорғау мәселелері бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік жұртшылығының өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді.

✅ Консультативтік кеңесші органға 3 арыз-шағым түскен.  Осыған сәйкес, 2023 жылғы 27 қаңтарда 2 лауазымды тұлғаның мәселесі Әдеп кеңесінде талқыланды.

Нәтижесінде, мектеп басшысына тиісті шара қабылдау үшін Бөлімге хат жолданды және мектеп мұғалімдері мен директор орынбасарлары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы №190 бұйрығының талаптарына сәйкес, білім беру ұйымының Кеңесінде қаралатындығы жөнінде түсіндірмелер жүргізді.

✅ Консультативтік кеңесші органның жылдық жоспарына сәйкес білім беру ұйымында құрылған педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің төрағаларымен және білім беру ұйымының басшыларымен педагогтердің жоғары атағының беделін түсіретін іс-әрекеттерге жол бермеу және педагогтердің құқықтарын қорғау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді, Сауран ауданында семинар-кеңес өткізді.

 

Педагогикалық әдеп және педагогтердің құқықтарын қорғау жөніндегі консультативтік кеңесші органның 2023 жылғы 1 тоқсандағы жұмыстары
Дата публикации
17 апреля 2023