2023 жылдың 1 тоқсанында Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау

2023 жылдың 1 тоқсанында Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау

✅  Департаментке Е-Өтініш электрондық порталы арқылы 119 өтініші тіркеліп, қаралды. Оның ішінде, 90 арыз, 9 шағым, 6 ұсыныс, 14 хабарлама, сұраныс және үндеу.

✅ Қазақстан Республикасының Әкімшілік Рәсімдік-процестік Кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 70-бабы 1-тармақ 3), 4) тармақшаларына сәйкес әкімшілік рәсімді тоқтатылған өтініштер саны – 9; Қаралған өтініштер саны – 87;

✅ ҚР ӘРПК-нің 65-бабы 1-тармағы бойынша басқа мемлекеттік органдарға жолданған өтініштер саны – 32

✅ Нұсқаманың орындалуы бойынша жоспардан тыс тексерулер:

Департаменттің 2023 жылдың 1 тоқсандық есебі бойынша 3 колледжге нұсқаманың орындалуы бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Нәтижесінде, бару арқылы профилактикалық бақылау барысында нұсқамада көрсетілген заң бұзушылықтар жойылып, нұсқама орындалды.

✅ Жоспардан тыс тексеру арыз-шағым бойынша

Департамент 2 жоспардан тыс тексеру қорытындысы бойынша нұсқама берілді және 2 әкімшілік іс қозғалды. 

1 заңды тұлғаға – 15 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) тең 51750 тг;

1 лауазымды тұлғаға – 10 АЕК-ге тең 34 500 тг;

Департаменттің жедел желі сенім телефонына келген ақпараты бойынша 2 әкімшілік іс қозғалды.

1 жеке тұлғаға -  5 АЕК-ге тең 17 250 тг;

1 лауазымды тұлғаға - «ескерту» 

Жалпы 30АЕК-ге тең (103500 тг) айыппұл салынды (заңды тұлғаға 15 АЕК, лауазымды тұлғаға 10 АЕК, жеке тұлға 5 АЕК), 1 лауазымды тұлға «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды

✅ Департамент тарапынан Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің:

409 бабы 4-1-тармағы бойынша – 2 әкімшілік іс;

409 бабы 7-3-тармағы 2) тармақшасы бойынша – 1 әкімшілік іс

409 баптың 2-тармағы бойынша - 1 әкімшілік іс қозғалды.

2023 жылдың 1 тоқсанында Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау
Дата публикации
17 апреля 2023