Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің 2023 ЖЫЛДЫҢ 1 ТОҚСАНЫНДА білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу туралы
✅ Мемлекеттік аттестаттау – білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметтерінің тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатында жүзеге асырылатын рәсім.
✅Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен реттеледі.
✅ Департаменттің 2023 жылға бекітілген 470 білім беру ұйымдарын (187 балабақша, 247 мектеп, 36 колледж мемлекеттік аттестаттаудан өткізу жоспарланған.
✅ Ағымдағы жылдың 1-тоқсан есебі бойынша 116 (24,6%) білім беру ұйымында (36 колледж (100%), 40 балабақша (16,1%), 40 мектеп (21,3%) мемлекеттік аттестаттау жүргізілді.
✅ Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талапатарына сәйкес келген 13 (11,2%) білім беру ұйымы (6 колледж (16,6%), 4 мектеп (10%), 3 балабақша (7,5%) аттестатталды.
✅ Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талапатарына сәйкес келмеген 103 (89,7%) білім беру ұйымы (30 колледж (83,4%), 36 мектеп (90%), 37 балабақша (92,5%) аттестатталмады. Бұл, мемлекеттік аттестаттау жүргізілген білім беру ұйымының 89,7 % құрайды.
✅ Департамент қызметкерлері 70 мектептің компьютерлік тестілеуіне бақылаушы ретінде қатысты.
✅4 - сынып бойынша жалпы тестке қатысқан 2151 білім алушылардың 86,28%-ы оң баға алса, ал 13,8 %--і 40%-дан төмен көрсеткіш көрсетті.
✅9 -сынып бойынша жалпы тестке қатысқан 1925 білім алушылардың 68,9 % -ы оң баға алса, 31,1%-ы 40%-дан төмен көрсеткіш көрсетті.
✅ Тестілеу жүргізілген мектептер ішінде 3 мектепте (4,2%) 9-сыныптары тест нәтижесі бойынша мүмкін болатын нормаға сай, яғни 40%-дан төмен көрсеткіш көрсетті.