Түркістан облысының 2023-2029 жылдарға арналған білім беру жүйесін дамыту бойынша ӨҢІРЛІК ЖОЛ КАРТАСЫНЫҢ 2026 жылғы 3 тоқсанында орындалуы туралы

Түркістан облысының 2023-2029 жылдарға арналған білім беру жүйесін дамыту бойынша

ӨҢІРЛІК ЖОЛ КАРТАСЫНЫҢ 2026 жылғы ІII тоқсанында орындалуы туралы

№

Іс-шара

Орындау мерзімі

2026 жыл ІII тоқсан орындалуы

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ОҚЫТУ

1.                 

2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды сапалы мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен

 қамту

2023 ж. – 99,5%;

2024 ж. – 99,3%;

2025 ж. – 99,6%;

2026 ж. –99,6%;

2027 ж. – 100%;

2028 ж. – 100%;

2023-2029 жылдар

Мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған мектепке дейінгі ұйымдардағы бос орындарға мектеп жасына дейінгі балаларды қабылдау (кезекке қою, жолдама беру, құжаттарды қабылдау, балабақшаға қабылдау, шығару) ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызмет көрсету №254 бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.    

 Ол сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алуға оң септігін тигізуде және мемлекеттік органдардың қатысуынсыз ата-аналар өздері таңдаған балабақшаға жолдама алуға мүмкіндігі бар.

1441 мектепке дейінгі ұйымдарда (303 мемлекеттік, 38 шағын орталық, 1138 жекеменшік, 2 арнайы мектеп-балабақшада) балалар тәрбиеленуде.

Мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтер саны: 13 380 құрайды. Оның ішінде жоғары біліммен - 11 034; техникалық және кәсіптік білімі бар – 2 483; магистр дәрежесі бар – 137.

Мектепке дейінгі біліммен 2-6 жас аралығындағы қамтылған балалар үлесі – 99,6% құрайды.

Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша;

2-6 жас – 99,6 %;       3-6 жас – 100 % ; Мектепке дейнгі ұйымдарға кезекте тұрған бала саны- 311 (2 жастан 6 жасқа дейін);

Қазіргі таңда таңда Қазығұрт, Түркістан, Жетісай, Мақтарал, Сайрам, Сарыағаш, аудан қала балабақша ваучерлік қаржыландыру жүйесіне мамыр айынан бастап қосылу шартына қол қойылды.

Орта білім беру

2.                 

Апатты 1 мектептің мәселелерін шешу:

   

    

 

2023-2025 жылдар

 

1. Апатты мектептің мәселесін шешу:

Облыс бойынша 1 апатты білім беру ұйымы бар. Жетісай ауданы, Жетісай ауданындағы «Сарыарқа» №57 жббм.

Шешу жолы - қазіргі таңда, «Тан-1» ЖШС-і қаражаты есебінен жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде.

Сонымен қатар, аталған елді мекенде 576 орындық мектеп құрылысын салу мақсатында жеке кәсіпкер «Нүрі-Л-Жетісай» өз қаражаты есебінен тиісті құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Жобаны іске асыру аясында жеке кәсіпкер мектеп ғимаратын толықтай өз қаражаты есебінен салып аяқтауды жоспарлауда (Аталған нысан 2027 жылға аяқталады деп жоспарлануда).

Кейіннен қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес, нысанды мемлекеттік меншікке қабылдау және оны бюджет қаражаты есебінен сатып алу жағы қарастырылатын болады.

3.                 

 «Шағын қалаларда, аудан орталықтарында жыл сайын кемінде 100 мектепті заманауи стандарттар бойынша жаңғырту»

2023 ж. – 108 нысан;

2024 ж. – 108 нысан;

2025 ж. – 108 нысан;

 

2023-2025 жылдар

2025 жылғы 41 мектепке реновацияға байланысты жаңа модификацияланған 164 пән кабинет жоспарланған (физика, химия, биология, STEM), нақты жабдықталғаны 76 пән кабинет (2020-25жж алынған) немесе 46,3%. Қалған 88 пән кабинет бүгінгі таңда, «Қазақстан халқына қоры» есебінен 2026 жылы физика, химия, биология пән кабинеттерімен қамтамасыз етілетін мектептер тізіміне аталған реновация мектептері енгізіліп, аталған мәселе толық шешімін табатын болады.

Бұл бағытты бөлек бақылауға алу қажет, себебі ғимарат жөнделіп, бірақ кабинеттер жабдықталмаса, реновацияның білім сапасына әсері толық болмайды.

4.                 

Білім беру объектілеріне күрделі жөндеу жүргізу:

2023 ж. – 18 нысан;

2024 ж. – 14 нысан;

2025 ж. – 25 нысан;

2026ж. – 6 нысан;

2027ж. – 14 нысан;

2028ж. – 5 нысан;

2029ж. – 5 нысан;

2023-2029 жылдар

1. Мектептерді қайта жаңғырту (реновациялау) бағдарламасының барысы

Мектептерді жаңғырту жобасына облыстың 115 мектебі реновацияға енгізілген: 2025 жылы – 41 мектеп, 2026 жылы – 38 мектеп, 2027 жылы – 36 мектеп.

2025 жылға жоспарланған 41 мектеп бойынша жалпы қаржы көлемі 19,3 млрд теңге болды. Оның ішінде 16 мектеп ағымдағы жөндеумен қамтылды, қаржысы – 3,6 млрд теңге. Күрделі жөндеумен 25 мектеп қамтылды, қаржысы – 15,7 млрд теңге. Осы 41 мектептің 26-сының жұмыстары 2025 жылы аяқталған.

Қалған 15 мектептің күрделі жөндеу жұмыстары 2026 жылға өтпелі, құны 6,03 млрд. теңге.  Жөндеу жұмыстар жазғы демалыс кезеңінде басталып, 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін толық аяқталды.

Анықтама:

2025 жылғы 41 мектеп: Түркістан қ. - 4, Сауранда - 3,  Отырарда - 3, Ордабасыда - 2, Бәйдібекте - 5, Сайрамда - 3, Түлкібаста - 1, Төлебиде - 2, Қазығұртта - 2, Сарыағашта - 3, Келесте - 2, Шардарада - 4, Жетісайда - 3, Мақтааралда - 4.

2026 жылғы 38 мектеп: Арыс қ. – 3, Қазығұртта – 2, Мақтааралда – 3, Жетісайда – 6, Ордабасыда - 2, Отырарда - 1, Сайрамда - 4, Сарыағашта - 2, Келесте - 6, Түлкібаста - 1, Шардарада - 3, Кентау қ. – 1, Түркістан қ. - 1, Сауранда – 3.

2026 жылға реновация бойынша 38 мектеп жоспарланған, Қажеттілік 14,1 млрд теңге. Оның 32-сі ағымдағы жөндеу, 6-ы күрделі жөндеу.

Қазіргі таңда сметалық құжаттары дайындалып, облыстық мәслихат сессиясына бюджеттік өтінімдер ұсынылуда.

Сәуір айындағы маслихат сессиясында күрделі жөндеу жүргізілетін 3 мектепке 300 млн теңге ғана қарастырылды. Аталған нысандар 2027 жылға өтпелі.

Анықтама:

1) Шардара ауданындағы Ұзыната мектебі – 100 млн. теңге;

2) Сауран ауданындағы Яссауи мектебі – 100. млн теңге;

3) Кентау қаласындағы №17 Ә.Науаи мектебі – 100 млн теңге.

Қазіргі таңда, аталған нысандар бойынша құрылыс-монтаж анықталып, мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің қорытындысы бойынша жеңімпаз ретінде «Construction Group «SAMRUK» ЖШС танылып, келісім-шарттар рәсімделген. 

Анықтама:

Сонымен қатар, құрылыс жұмыстарының сапасы мен көлеміне техникалық бақылау жүргізетін техникалық қадағалау ұйымын айқындау мақсатында Түркістан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы тарапынан мемлекеттік сатып алу конкурсы жүруде. 

Қалған 35 мектеп бойынша қаржыландыру мәселесі шешілмеген, қажетті қаражат көлемі – 13,8 млрд теңге.

5.                 

Мектептерде химия, биология, физика және STEAM пәндік кабинеттерін сатып алу:

2023 жылы  – 240 кабинет, 75%;

2024 жылы – 265 кабинет,  80%;                                   

2025 жылы – 220 кабинет, 90%;

2026 жылы – 40 кабинет, 92%;

2027 жылы – 45 кабинет, 94%;

2028 жылы – 45 кабинет, 96%;

2029 жылы – 94 кабинет, 100%.

2023-2029 жылдар

Өңірде шағын жинақты мектептерді қоспағанда, 848 мектепте 2 167 пән кабинеті бар. Оның 1 820 немесе 84% жаңа форматтағы, модификацияланған кабинеттер.

Сонымен қатар, «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен ауыл мектептерінде жаратылыстану-ғылыми бағыттағы пән кабинеттерін жаңғырту жобасы іске асырылды.

Жоба аясында шамамен 5 млрд теңге көлемінде қаржы бөлініп, 100 ауыл мектептері (о.і. 77 реновацияланған мектеп) физика, химия, биология пәндері бойынша толық жарақтандырылды.

 

6.                 

Білім беру объектілерін бейнебақылау жүйелерімен қосымша жарақтандыру:

 

2023-2025 жылдар

      Облысымыздағы білім беру ұйымдарының қауіпсіздік және террористік тұрғыдан осал обьектілердің жай-күйі бойынша  келесідей.       «Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы
30 наурыздағы № 117 бұйрығына сәйкес, 100 адамнан асатын 1499 білім беру ұйымдары (Мемлекеттік 965 мекеме, Жекеменшік 534 мекеме) осал объектілер тізіміне енгізілген.

       Бүгінгі күні 100 адамнан асатын білім ошақтарының жедел басқару орталығына (ЦОУ) қосылғаны бойынша төмендегідей;

      Мемлекеттік 805 мектептердің 805 қосылған 100%;

     Жекеменшік 126 мектептің 126 қосылған 100% ;

     Мемлекеттік 28 колледждің 28 қосылған 100%;

     Жекеменшік 21 колледждің 21 қосылған 100% ;

     Мемлекеттік 132 балабақшаның 132 қосылған 100%;

     Жекеменшік 387 балабақшаның 387 қосылған 100%

     Жоғарыдағы білім нысандарын жедел басқару орталығына қосу үшін Облыстық полиция департаменті және облыстық цифрландыру басқармасымен тиісті жұмыстар атқарылуда.

      Турникет, Дабыл батырмасы, арнайы күзетпен қамтамасыз ету бүгінгі таңда толығымен шешілді 100%.

7.                 

Орта білім беру ұйымдарын ішкі әжетханалармен қамтамасыз ету

2023 жыл – 100%

2023-2025 жылдар

     Облыстағы орта білім мекемелерінің барлығы ішкі әжетханалармен қамтамасыз етілген.

     Одан басқа, 70 мектептің ішкі  әжетханаларының ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары есебінен шешімі табылды.

8.                 

Орта білім беру ұйымдарын 20 мбит/с-тан жоғары жылдамдықты  Интернет желісімен қамтамасыз ету

2023 жылы – 75%

2024 жылы – 80%

2025 жылы – 85%

2026 жылы – 90%

2027 жылы – 93%

2028 жылы – 97%

2029 жылы – 100%

2023-2025 жылдар

     Түркістан облысының әкімдігі, елді мекендерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамту мақсатында жол картасы 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасы әзірленгенін хабарлайды. Жол картасына сәйкес, облыс аумағындағы 203 елді мекенде (халық саны 250+) жаңа базалық станциялар орнатылуда және 74 елді мекенде орнатылған ұялы байланыс операторларының базалық станциясына жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Облыстағы 940 мемлекеттік мектептің 932-ы немесе 99,1%-ы толықтай интернет желісімен қамтылған.

Жалпы облыста талшықты интернет арқылы - 646 мектеп (20-80 мбит/с), «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ арқылы                                                     SpaceX компаниясының «Starlink» спутниктік интернет желісіне - 284 мектеп (150 мбит/с) қосылды.

        Қазіргі таңда өңірдегі құрылысы аяқталып жаңадан пайдалануға берілген және қосымша ғимаратқа көшірілген 8 мектепке интернет қосу және цифрлық білім беру ресурстарының қолжетімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралармен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.

БІЛІМ САПАСЫН БАҒАЛАУ

9.                 

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында «Bilim Land» ЖШС-нің Bilimcentеr.kz  цифрлық платформасын пайдалану арқылы мұғалімдер мен оқушыларды оқыту (PISA математика, оқу сауаттылығы, жаратылыстану) (1 мектепке платформаның құны 40 мың тг).

2018 ж:

жаратылыстану – 373, математика – 401, оқу сауаттылығы – 368

2022 ж:

Жаратылыстану – 380, математика – 410, оқу сауаттылығынан – 380

2026 ж:

Жаратылыстану – 385, математика – 415, оқу сауаттылығынан – 385  

 

 2023-2025 жылдар

 

2026 жылы жалпы 39 іс-шара өткізілді.

Облыстық кезеңге қатысушылар саны: 27330

Республикалық кезеңге қатысушылар саны: 991

Республикадан жеңімпаздар саны: 354;

 

10.            

Облыстың білім алушылары  мен педагогтер үшін көркем әдебиет пен кәсіби кітаптарды оқу, дәріптеу, оқу сауаттылығын арттыруға бағытталған «KitapХАН@» іс-шарасы қатысушылар саны, үлесі %:

- 2022 жыл - Оқушылар саны – 6000, 1,2 %, мұғалімдер саны – 9000,  14,3 %;

- 2023 жыл – Оқушылар саны – 10000,  2 %, мұғалімдер саны – 14000,  24%;

- 2024 жыл – Оқушылар саны – 20000,  3,9 %, мұғалімдер саны – 20000,  35 %;

- 2025 жыл - Оқушылар саны – 35000,  6,8 %, мұғалімдер саны – 35000, 60%;

- 2026 жыл - Оқушылар саны – 45000,  8 ,2%, мұғалімдер саны – 40 000, 61,5 %;

- 2027 жыл - Оқушылар саны – 55000,  10 %, мұғалімдер саны – 45000, 69,2%;

- 2028 жыл - оқушылар саны – 65000,  11,8 %, мұғалімдер саны – 55000, 84,6 %;

- 2029 жыл - оқушылар саны – 80000,  14,5 %, мұғалімдер саны – 65000, 100%;

2023-2029 жылдар

Қазақстан Республикасында оқуға деген қызығушылықты арттыру, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру және оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бұл бағыттағы мемлекеттік саясаттың маңызды бастамаларының бірі – «Оқуға құштар мектеп» жобасы.

Мемлекет басшысының 2020 жылғы 22 қазандағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында берген тапсырмасына сәйкес, 2021 жылы «Оқуға құштар мектеп» жобасы іске қосылды. Жоба аясында мектеп кітапханаларының материалдық-техникалық базасы нығайтылып, кітап қоры толықтырылды, оқырмандар үшін қолайлы жағдайлар жасалды.

Осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру мақсатында Түркістан облысында 2022 жылдан бастап «KitapХАН@» кітап оқыту жобасы жүзеге асырылуда. Жоба «Оқуға құштар мектеп – Оқуға құштар ұлт» жалпыұлттық бастамасымен сабақтастықта жүргізіліп келеді.

Жобаның тиімділігін кітапхана оқырмандарының санының жыл сайынғы өсуінен байқауға болады. Атап айтқанда:

•        2021–2022 оқу жылында: педагогтер – 8 540 (10,6%), оқушылар – 5 185 (1,03%);

•        2022–2023 оқу жылында: педагогтер – 9 760 (12,2%), оқушылар – 5 185 (1,03%);

•        2023–2024 оқу жылында: педагогтер – 14 640 (18,3%), оқушылар – 13 500 (2,74%);

•        2024–2025 оқу жылында: педагогтер – 37 210 (46,5%), оқушылар – 29 280 (5,8%), ата-аналар – 4 800.

Жоба аясында кітап оқуға қызығушылықты арттыруға бағытталған «1000 кітап», «Үздік оқырман», «Мектепке кітап сыйлаймыз», «Балалар кітабы апталығы», «Оқуға құштар мектеп демалыста», «Қыста оқимыз» акциялары ұйымдастырылды. Сонымен қатар «Үздік мектеп кітапханашы», «Ең көп кітап оқитын отбасы», «Мектептегі буккроссинг: бірге оқимыз» байқаулары өткізілді.

ІІІ. Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру

11.            

 «Өрлеу» БАҰО АҚ, «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы акционерлік қоғамы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институты», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығында жылма жыл педагогтердің біліктілігін арттыру

2023 ж – 18 728 ;

2024 ж – 19 123;

2025 ж – 13122;

2026 ж – 20703;

2027 ж – 20 308;

2028 ж – 19 128;

2029 ж – 14 702;

2023- 2029

жылдар

         2026 жылы біліктілікті арттыру курстарынан

өтуі туралы ақпарат

«Өрлеу» біліктілікті арттыру институы

Курстан өткен жалпы педагог саны: 9187 педагог.

Ұлттық дене тәрбиесі ғылыми-практикалық орталығы

Курстан өткен жалпы педагог саны: 200 педагог.

         Дене шынықтыру пәні педагогінің кәсіби құзыреттілігін арттыру» курсынан 200 педагог өтті.

«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының

«Ауыл мектебі: тең мүмкіндік» жобасы шеңберінде

      «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының «Ауыл мектебі: тең мүмкіндік» жобасы шеңберінде Түркістан облысының ауыл мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру курстары 2026 жылғы 10 тамыз – 4 қыркүйек аралығында ұйымдастырылып, өткізілді.

      Курстар облыстың 15 ауданында 7 бағыт бойынша жүзеге асырылды. Атап айтқанда: математика, физика, химия, биология, құндылыққа негізделген білім беру, жасанды интеллект және педагогтердің кәсіби дамуы.

      Аталған кезеңде барлығы 4 528 педагог біліктілікті арттыру курстарымен қамтылды.

Ағымдағы жағдай бойынша жалпы саны: 16 572 педагог білімін жетілдірді.

Қосымша білім беру

12.            

Балалардың сауықтыру лагерлерін құру, балалардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту үшін жаңа ірі объектілер салу (оқушылар сарайлары, жас техниктер станциялары, балалар технопарктері, Музыка және көркемсурет мектептері және т. б.):

 2023-2027 жылдары облыста республикалық бюджет есебінен 1 «Оқушылар сарайы» мен 7 «Өнер мектебін» салу.

Олар:

2024 жылы –600 орындық «Оқушылара сарайы»;

2024 жылы –150 орындық «Өнер мектебі»;

2025 жылы – 150 орындық «Өнер мектебі»;

2025 жылы –150 орындық «Өнер мектебі»;

2026 жылы –150 орындық «Өнер мектебі»;

2027 жылы – 150 орындық «Өнер мектебі»;

 

2024-2025 жылдар

Облыста 45 (5 жекеменшік) қосымша білім беру мекемелерінде 32 611  оқушы қосымша біліммен,  мектептердегі үйірмелерге
481 769 оқушы қамтылған.

 2026 жылы –  Осы мақсатта облыс аумағында төрт «Жаңа буынды дамыту орталықтарының» құрылысы қолға алынды. Атап айтқанда, Жетісай ауданының Жетісай қаласында, Мақтаарал ауданының Мырзакент кентінде, Келес ауданының Абай ауылында және Сарыағаш ауданының Сарыағаш қаласында аталған орталықтар бой көтеруде.

Анықтама:

- Жетісай қаласындағы орталықтың жер телімі 1,0 - га, жалпы ауданы - 3 137,0 м2, жалпы құны - 3 195,6 млн. теңге, жобалық қуаты - 600 орынды

- Сарыағаш қаласындағы орталықтың жер телімі - 1,1 га, жалпы ауданы - 3 116,0 м2, жалпы құны - 3 192,5 млн. теңге, жобалық қуаты - 600 орынды.

 - Мақтаалар ауданы, Мырзакент кентіндегі орталықтың жер телімі - 0,6 га, жалпы ауданы - 1 310,6 м2, жалпы құны - 2 186,5 млн. теңге, жобалық қуаты - 300 орынды.

- Келес ауданы, Абай ауылындағы орталықтың жер телімі - 1,0 га, жалпы ауданы - 2 310,6 м2, жалпы құны - 2 180,4 млн. теңге, жобалық қуаты – 300 орынды.

Сондай-ақ, 2021 жылы жаңадан құрылған Сауран ауданының орталығы Шорнақ ауылында орналасқан мәдениет үйінің ғимараты Білім бөлімінің теңгеріміне берілуде. Аталған ғимаратта жөндеу жұмыстарын жүргізіп, қайта құру арқылы «Жаңа буынды дамыту орталығын» ашу жоспарлануда.

Техникалық және кәсіптік білім беу

13

Мемлекеттік тапсырысты орналастыру есебінен сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін ТжКБ жүз пайыз қамтуды қамтамасыз ету:

2023 ж. – 15 300 орын;

2024 ж. – 15 500 орын;

2025  ж. – 15 600 орын;

 

2023-2025 жылдар

2026-2027 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға өңірлік деңгейде 90 астам мамандық бойынша 24 563 орынға қажеттілік түсті.  Сұранысқа ие мамандықтар бойынша 2026-2027 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім бар кадрларды даярлауға арналған  тегін мемлекеттік білім беру тапсырысын қамтамасыз етуде облыс көлемінде 15 600 орын бөлінді. Салалар бөлінісінде: Білім- 1425; Өнер және гуманитарлық ғылым бағыты- 400; Әлеуметтік ғылым - 25; Кәсіпкерлік және басқару саласы- 275; Жаратылыстану ғылымы, математика және статистика саласы- 25; Ақпарттық-коммуникациялық технологиялар саласы - 2685; Инженерлік және инженерлік іс- 7840 орын; Ауыл, орман, балық шаруашылығы және  ветеринария- 700; Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету- 650; Қызмет көрсету- 1550.

Нәтижесінде, 2026-2027 жаңа оқу жылына салалар бөлінісінде: Білім- 1549; Өнер және гуманитарлық ғылым бағыты- 399; Әлеуметтік ғылым - 25; Кәсіпкерлік және басқару саласы- 325; Жаратылыстану ғылымы, математика және статистика саласы- 50; Ақпарттық-коммуникациялық технологиялар саласы - 2843; Инженерлік және инженерлік іс- 6988 орын; Ауыл, орман, балық шаруашылығы және  ветеринария- 724; Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету- 950; Қызмет көрсету- 1681 Барлығы 15 534.

 

 

 

 

 

 

Түркістан облысының 2023-2029 жылдарға арналған білім беру жүйесін дамыту бойынша ӨҢІРЛІК ЖОЛ КАРТАСЫНЫҢ 2026 жылғы 3 тоқсанында орындалуы туралы
Дата публикации
13 октября 2026