Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаментінің 2026 жылдың 1 жартыжылдық бойынша жүргізілген бақылау шараларының есебі

Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаментінің 2026 жылдың 1 жартыжылдық бойынша жүргізілген бақылау шараларының есебі

         Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің (бұдан әрі – Департамент) құзыреті білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ету мақсатында білім беру ұйымдарына сырттай бағалау жүргізу арқылы білім саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру, мемлекеттік қызмет көрсету мен  мемлекеттік бақылау шараларын жүргізу болып табылады.

  • Мемлекеттік аттестаттау нәтижесі бойынша:

   Департаменттің 2026 жылы мемлекеттік аттестататудан өтетін білім беру ұйымдарының тізбесіне сәйкес 505 білім беру ұйымында (450 балабақша,                  54 мектеп, 1 колледж) мемлекеттік аттестаттау жүргізу жоспарланған.

Ағымдағы жылдың 1 жартыжылдық есебі бойынша 117 (11 мемлекеттік,                           106 жекеменшік) мектепке дейінгі білім беру ұйымында мемлекеттік аттестаттау жүргізілді.

Нәтижесінде, 42 балабақша (35,9%) қызметі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының (бұдан әрі МДТО МЖМБС) талаптарына сәйкес келеді деп есептелініп, аттестатталды.  

Ал, қалған 75 (64,1%) балабақша қызметінде білім беру стандартының талаптарында сәйкессіздіктер анықталып, бару арқылы мемлекеттік аттестаттауға қалдырылды.

  • Бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижесі

Бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің 2026 жылдың бірінші  жартыжылдығына бекітілген тізімдегі 7 білім беру ұйымының (2 мектеп, 5 балабақша) 1 жартыжылдық есебімен 5 білім беру ұйымында (2 мектеп, 3 балабақша) ағымдағы жылы бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілді.

Нәтижесінде, 7 білім беру ұйымына анықталған заң бұзушылықтарды жою бойынша нұсқама берілді.  

  • Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер

Департаментке  2026  жылдың 1 жартыжылдық есебі бойынша Е-Өтініш порталы арқылы 643 өтініш (арыз 565, шағым 31, ұсыныс 4, сұрау салу 43).  тіркеліп. Оның ішінде, 202 өтінішті өз құзыреті шегінде қарау үшін жолданған.

Бір арыз иесінің өтініші басқа мемлекеттік органдарынан қайталанып келуіне байланысты 138 дубликат келіп түскен.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік Рәсімдік-процестік Кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 70-бабы 1-тармақ 3), 4)тармақшаларына сәйкес әкімшілік рәсімді тоқтатылған өтініштер саны – 176;

Қаралған өтініштер саны – 431.

Жоспарлы тексеру бойынша:

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық бөлімшелерінің ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органдары қызметінің білім беру саласындағы талаптарға сəйкестігіне 2026 жылға арналған жоспарлы тексерулерінің тізбесіне сәйкес 5 білім бөліміне жоспарлы тексеру жүргізілді («Төлеби ауданының білім бөлімі», «Сайрам ауданының білім бөлімі», «Сарыағаш ауданының білім бөлімі», «Сауран ауданының білім бөлімі», «Түркістан қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемелері).

Жоспардан тыс тексеру бойынша:

Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығының есебі бойынша 42 жоспардан тыс тексеру жүргізілді оның ішінде арыз бойынша 34 білім беру ұйымында (4 балабақша, 30 мектеп), 6 рет білім бөліміне және 2 рет білім басқармасына тексеру жүргізіліп, нәтижесінде, 34 нұсқама және 8 бұзушылықтарды жою бойынша ұсыным берілді.

Жоспардан тыс тексерулер нәтижесінде 28 әкімшілік іс (4 балабақша, 24 мектеп) қозғалып,  400 АЕК тең 1 730 000 теңгеге тең айыппұл салынды (9 заңды тұлға, 19 лауазымды тұлғаға). Оның ішінде, 2 заңды тұлғаның, мектептің лицензиясы уақытша тоқтатылды.

Аудан бойынша жоспардан тыс тексеру кесіндісі:

 - Сауран ауданы 7 тексеру (4 мектеп, 3 балабақша)

- ⁠Түркістан қаласы 2 (1 мектеп, 1 балабақша)

- ⁠Сайрам 5 (мектеп)

- ⁠Жетісай 3  (мектеп)

- ⁠Төлеби 3 (мектеп)

- ⁠Қазығұрт 3 (мектеп)

- ⁠Мақтаарал 3 (мектеп)

- ⁠Сарыағаш 1 (мектеп)

- ⁠Созақ 2 (мектеп)

- Ордабасы 1 (мектеп)

- ⁠Шардара 3 (мектеп)

- Келес 2 (мектеп) жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

Департамент тарапынан жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштері бойынша 6 рет білім бөліміне (Ордабасы-1, Мақтаарал-1, Сауран-1, Төлеби-2, Шардара-1) жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, заң бұзушылықтарды жою бойынша ұсыным берілді.

2.1. Әкімшілік іс жүргізу бойынша:

2026 жылдың 1-жартыжылдық есебі бойынша 141 әкімшілік іс қозғалып,                           14 әкімшілік іс бойынша «ескерту» түрінде, 127 әкімшілік іс  бойынша 3412,5 АЕК-ге тең 14 759 062,5 тг айыппұл салынды (28 лауазымды тұлға, 72 заңды тұлға, 27 жеке тұлға).

Әкімшілік құқық бұзушылық  туралы кодексте көзделген бөліктері

Прокуратураның ұсынысы

Мемлекеттік органдардың ұсынысы (Комитет, білім басқармасы, білім бөлімдері, полиция)

Жоспардан тыс тексеру

Сотқа жолданғаны

Жалпы

409-бап 2-бөлігі

 

20

 

 

20

Ескерту

 

14

 

 

14

АЕК

 

22,5

 

 

22,5

Айыппұл

 

97 312,5

 

 

97 312,5

409-бап 3-бөлігі

 

3

 

 

3

АЕК

 

75

 

 

75

Айыппұл

 

324 378

 

 

324 378

409-бап 4-бөлігі

 

14

28

 

42

АЕК

 

210

310

 

520

Айыппұл

 

908 250

1 340 750

 

2 249 000

409-бап 6-бөлігі

 

11

5

 

16

АЕК

 

165

75

 

240

Айыппұл

 

713 625

324 375

 

1 038 000

409-бап 7-бөлігі

 

6

2

 

8

АЕК

 

120

45

 

165

Айыппұл

 

519 000

194 625

 

713 625

463-бап 1-бөлігі

 

 

 

1

1

АЕК

 

 

 

25

25

Айыппұл

 

 

 

108 125

108 125

464-бап 1-бөлігі

24

19

 

 

43

АЕК

1080

855

 

 

1935

Айыппұл

4 671 000

3 697 875

 

 

8 368 875

464-бап 2-бөлігі

4

 

 

 

4

АЕК

400

 

 

 

400

Айыппұл

1 730 000

 

 

 

1 730 000

463-бап 2-бөлігі

 

 

 

 

 

АЕК

 

 

 

 

 

Айыппұл

 

 

 

 

 

127-1-бап

 

2

 

2

4

АЕК

 

10

 

20

30

Айыппұл

 

43 250

 

86 500

129 750

Жалпы

28

75

35

3

141

Ескерту

0

14

0

0

14

АЕК

1480

1457,5

430

45

3412,5

Айыппұл

6 401 000

6 303 690,5

1 859 750

194 715

14 759 062,5

 

Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаментінің 2026 жылдың 1 жартыжылдық бойынша жүргізілген бақылау шараларының есебі
Дата публикации
03 июля 2026