Түркістан облысының 2023-2029 жылдарға арналған білім беру жүйесін дамыту бойынша ӨҢІРЛІК ЖОЛ КАРТАСЫНЫҢ 2026 жылғы І тоқсанында орындалуы туралы

Түркістан облысының 2023-2029 жылдарға арналған білім беру жүйесін дамыту бойынша

ӨҢІРЛІК ЖОЛ КАРТАСЫНЫҢ 2026 жылғы І тоқсанында орындалуы туралы

 

№

Іс-шара

Орындау мерзімі

2026 жыл І тоқсан орындалуы

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ОҚЫТУ

1.                 

2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды сапалы мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен

 қамту

2023 ж. – 99,5%;

2024 ж. – 99,7%;

2025 ж. – 100%;

2026 ж. –100%;

2027 ж. – 100%;

2028 ж. – 100%;

2023-2029 жылдар

Мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған мектепке дейінгі ұйымдардағы бос орындарға мектеп жасына дейінгі балаларды қабылдау (кезекке қою, жолдама беру, құжаттарды қабылдау, балабақшаға қабылдау, шығару) ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызмет көрсету №254 бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.    

 Ол сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алуға оң септігін тигізуде және мемлекеттік органдардың қатысуынсыз ата-аналар өздері таңдаған балабақшаға жолдама алуға мүмкіндігі бар.

1441 мектепке дейінгі ұйымдарда (303 мемлекеттік, 38 шағын орталық, 1138 жекеменшік, 2 арнайы мектеп-балабақшада) балалар тәрбиеленуде.

Мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтер саны: 13 380 құрайды. Оның ішінде жоғары біліммен - 11 034; техникалық және кәсіптік білімі бар – 2 483; магистр дәрежесі бар – 137.

Мектепке дейінгі біліммен 2-6 жас аралығындағы қамтылған балалар үлесі – 99,6% құрайды.

Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша;

2-6 жас – 99,6 %;       3-6 жас – 100 % ; Мектепке дейнгі ұйымдарға кезекте тұрған бала саны- 311 (2 жастан 6 жасқа дейін);

Қазіргі таңда таңда Қазығұрт, Түркістан, Жетісай, Мақтарал, Сайрам, Сарыағаш, аудан қала балабақша ваучерлік қаржыландыру жүйесіне мамыр айынан бастап қосылу шартына қол қойылды.

Орта білім беру

2.                 

    Үш ауысымды 1 және апатты 1 мектептің мәселелерін шешу:

   

    

 

2023-2025 жылдар

 

1.Үш ауысымды мектептер мәселесін шешу:

- Сайрам ауданындағы Бөкейханов  мектебіне 300 орынды мектеп құрылысы салынуда, аяқталу мерзімі 2026жыл.

2.Апатты мектептің мәселесін шешу:

Облыс бойынша 1 апатты білім беру ұйымы бар. Жетісай ауданы, Жетісай ауданындағы Сарыарқа №57 жббм. Шешу жолы - Жеке кәсіпкер "Bauir" ЖШС-і өз есебінен 600 орындық мектеп құрылысын салу жоспарлануда. Бүгінгі таңда жерігілікті әкімдік тарапынан жер телімін алу жұмыстары жүргізілуде.

3.                 

 «Шағын қалаларда, аудан орталықтарында жыл сайын кемінде 100 мектепті заманауи стандарттар бойынша жаңғырту»

2023 ж. – 108 нысан;

2024 ж. – 108 нысан;

2025 ж. – 108 нысан;

 

2023-2025 жылдар

Түркістан облысы әкімдігі, Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын орындау аясында 2023-2025 жылдары шағын қалаларда, аудан орталықтарында және ауылдарда орналасқан 3000 мектепті (жыл сайын 1000 мектепті) бірнеше бағыт: күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу, пәндік кабинеттермен жабдықтау, мектеп жиһазын жаңғырту, мектеп кітапханаларын және асханаларын жаңарту, қауіпсіздік шарттарын жақсарту бойынша                   Жол картаға сәйкес 2025 жылға дейін жыл сайын 108 мектепті жаңғыртудан өткізу бекітілген.

           Жаңғырту жобасы аясында 2025 жылға 108 мектептің 21 - мектебіне күрделі жөндеу, 61 - мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу және  пәндік кабинеттермен қамту, мектеп кітапханаларын жаңғырту, яғни, көркем әдебиеттер сатып алу, сондай-ақ, мектеп жиһаздарын жаңарту, күзет шараларын күшейту жоспарланған. Күрделі жөндеу жұмыстарының                6-ы аяқталған, қалған 15 –ы 2026 жылға өтпелі.

           Ал, мектеп асханаларын жаңғырту бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасымен кәсіпкерлер тарапынан жүргізілуде.

 

4.                 

Білім беру объектілеріне күрделі жөндеу жүргізу:

2023 ж. – 18 нысан;

2024 ж. – 14 нысан;

2025 ж. – 25 нысан;

2026ж. – 6 нысан;

2027ж. – 14 нысан;

2028ж. – 5 нысан;

2029ж. – 5 нысан;

2023-2029 жылдар

2023-2024 жылдары 32 нысанға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, аяқталған.                    2025 жылы күрделі жөндеуден өткізілген               25 мектептің 6-ы 2024 жылдан өтпелі. Қазіргі таңда 9 мектептің жөндеу жұмыстары аяқталған, ал қалған 16 мектеп құрылыс жұмыстары мен қаржысы 2026 жылға өтпелі.   3 - мектепке Ауыл ел бесігі бағдарламасымен ЖСҚ-ы бойынша 2,64 млрд.теңге,

23 - мектепке 13 млрд. теңге қаржы жұмсалатын болады.

5.                 

Мектептерде химия, биология, физика және STEAM пәндік кабинеттерін сатып алу:

2023 жылы  – 240 кабинет, 75%;

2024 жылы – 265 кабинет,  80%;                                   

2025 жылы – 220 кабинет, 90%;

2026 жылы – 40 кабинет, 92%;

2027 жылы – 45 кабинет, 94%;

2028 жылы – 45 кабинет, 96%;

2029 жылы – 94 кабинет, 100%.

2023-2029 жылдар

Облыс бойынша шағын мектептерді қоспағанда (олар 147) облыстағы мемлекеттік негізгі және орта білім 724 мектепте 4336 жаңа модификациямен қамтылу қажет (ф, х, б, р, Steam) кабинет. Аталған 4336 кабинет ішінде жабдықтармен қамтылған 3642 -кабинет. Қамту пайызы - 84% құрайды. 2025-жылға жаңадан пән кабинет алу жоспарына бюджеттен қаржы қаралмаған. (сондай-ақ, мектептерде бар пән кабинеттердің 24,4 пайызы тозығы жеткенін ескеру қажет)

6.                 

Білім беру объектілерін бейнебақылау жүйелерімен қосымша жарақтандыру:

 

2023-2025 жылдар

      Облысымыздағы білім беру ұйымдарының қауіпсіздік және террористік тұрғыдан осал обьектілердің жай-күйі бойынша  келесідей.       «Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы
30 наурыздағы № 117 бұйрығына сәйкес, 100 адамнан асатын 1499 білім беру ұйымдары (Мемлекеттік 965 мекеме, Жекеменшік 534 мекеме) осал объектілер тізіміне енгізілген.

       Бүгінгі күні 100 адамнан асатын білім ошақтарының жедел басқару орталығына (ЦОУ) қосылғаны бойынша төмендегідей;

      Мемлекеттік 805 мектептердің 805 қосылған 100%;

      Жекеменшік 126 мектептің 126 қосылған 100% ;

     Мемлекеттік 28 колледждің 28 қосылған 100%;

     Жекеменшік 21 колледждің 21 қосылған 100% ;

     Мемлекеттік 132 балабақшаның 132 қосылған 100%;

     Жекеменшік 387 балабақшаның 387 қосылған 100%

     Жоғарыдағы білім нысандарын жедел басқару орталығына қосу үшін Облыстық полиция департаменті және облыстық цифрландыру басқармасымен тиісті жұмыстар атқарылуда.

      Турникет, Дабыл батырмасы, арнайы күзетпен қамтамасыз ету бүгінгі таңда толығымен шешілді 100%.

7.                 

Орта білім беру ұйымдарын ішкі әжетханалармен қамтамасыз ету

2023 жыл – 100%

2023-2025 жылдар

     Облыстағы орта білім мекемелерінің барлығы ішкі әжетханалармен қамтамасыз етілген.

     Одан басқа, 70 мектептің ішкі  әжетханаларының ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары есебінен шешімін табылды.

8.                 

Орта білім беру ұйымдарын 20 мбит/с-тан жоғары жылдамдықты  Интернет желісімен қамтамасыз ету

2023 жылы – 75%

2024 жылы – 80%

2025 жылы – 85%

2026 жылы – 90%

2027 жылы – 93%

2028 жылы – 97%

2029 жылы – 100%

2023-2025 жылдар

     Түркістан облысының әкімдігі, елді мекендерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамту мақсатында жол картасы 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасы әзірленгенін хабарлайды. Жол картасына сәйкес, облыс аумағындағы 203 елді мекенде (халық саны 250+) жаңа базалық станциялар орнатылуда және                                         74 елді мекенде орнатылған ұялы байланыс операторларының базалық станциясына жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Облыстағы 938 мемлекеттік мектептің 930-ы немесе 99,1%-ы толықтай интернет желісімен қамтылған.

Жалпы облыста талшықты интернет арқылы - 646 мектеп (20-80 мбит/с), «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ арқылы                                                     SpaceX компаниясының «Starlink» спутниктік интернет желісіне - 284 мектеп (150 мбит/с) қосылды.

        Қазіргі таңда өңірдегі құрылысы аяқталып жаңадан пайдалануға берілген және қосымша ғимаратқа көшірілген 8 мектепке интернет қосу және цифрлық білім беру ресурстарының қолжетімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралармен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.

БІЛІМ САПАСЫН БАҒАЛАУ

9.                 

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында «Bilim Land» ЖШС-нің Bilimcentеr.kz  цифрлық платформасын пайдалану арқылы мұғалімдер мен оқушыларды оқыту (PISA математика, оқу сауаттылығы, жаратылыстану) (1 мектепке платформаның құны 40 мың тг).

2018 ж:

жаратылыстану – 373, математика – 401, оқу сауаттылығы – 368

2022 ж:

Жаратылыстану – 380, математика – 410, оқу сауаттылығынан – 380

2026 ж:

Жаратылыстану – 385, математика – 415, оқу сауаттылығынан – 385  

 

 2023-2025 жылдар

 

2025 жылы жалпы 39 іс-шара өткізілді.

Облыстық кезеңге қатысушылар саны: 27330

Республикалық кезеңге қатысушылар саны: 991

Республикадан жеңімпаздар саны: 354;

 

10.            

Облыстың білім алушылары  мен педагогтер үшін көркем әдебиет пен кәсіби кітаптарды оқу, дәріптеу, оқу сауаттылығын арттыруға бағытталған «KitapХАН@» іс-шарасы қатысушылар саны, үлесі %:

- 2022 жыл - Оқушылар саны – 6000, 1,2 %, мұғалімдер саны – 9000,  14,3 %;

- 2023 жыл – Оқушылар саны – 10000,  2 %, мұғалімдер саны – 14000,  24%;

- 2024 жыл – Оқушылар саны – 20000,  3,9 %, мұғалімдер саны – 20000,  35 %;

- 2025 жыл - Оқушылар саны – 35000,  6,8 %, мұғалімдер саны – 35000, 60%;

- 2026 жыл - Оқушылар саны – 45000,  8 ,2%, мұғалімдер саны – 40 000, 61,5 %;

- 2027 жыл - Оқушылар саны – 55000,  10 %, мұғалімдер саны – 45000, 69,2%;

- 2028 жыл - оқушылар саны – 65000,  11,8 %, мұғалімдер саны – 55000, 84,6 %;

- 2029 жыл - оқушылар саны – 80000,  14,5 %, мұғалімдер саны – 65000, 100%;

2023-2029 жылдар

Мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаевтың «Оқуға құштар мектеп — оқуға құштар ұлт» жобасы аясында Түркістан облысының білім басқармасы «Білім беруді дамыту орталығы» КММ «KitapХАН» кітап оқу әдісін 2024 жылдың 15 қазаннан бастап дәстүрлі түрде өткізіп келеді.

Жобаға жалпы білім беретін мекемелердің педагогтары, басшылық құрамы және оқушылар арасында өтеді. Жобаның мақсаты – аудандық, қалалық білім бөлімдеріне қарасты білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен оқушыларының оқу сауаттылығын, шығармашылық қабілетін арттыру, қоғамда кітап оқу мәдениетін терең қалыптастыру.

«KitapХАН» кітап оқыту әдісінің кезеңдері:

·        Апталық

·        Айлық

·        Жылдық 

«KitapХАН» кітап оқыту әдісі 4 категорияда өткізіледі:

·        Басшылық құрам

·        Педагогтар

·        Оқушылар

·        Бастауыш сынып оқушылары

ІІІ. Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру

11.            

 «Өрлеу» БАҰО АҚ, «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы акционерлік қоғамы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институты», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығында жылма жыл педагогтердің біліктілігін арттыру

2023 ж – 18 728 ;

2024 ж – 19 123;

2025 ж – 13122;

2026 ж – 20703;

2027 ж – 20 308;

2028 ж – 19 128;

2029 ж – 14 702;

2023- 2029

жылдар

       Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің жұмыс жоспарына сәйкес,  Түркістан облысы бойынша 2026 жылы бюджет есебінен 14 766 (23%) білім қызметкерлері білімін жетілдіреді.

Оның ішінде: Өрлеу «Біліктілікті арттыру Ұлттық Орталығынан» -                                                       9 611, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығынан – 777, «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығынан» -  1 319, «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК – 89, «ӨРКЕН» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтынан» - 2845, Балаларды ерте дамыту институтынан – 125 педагог курстан өтеді деп күтілуде. 

         2026 жылдың 4 айында 2761 педагог білім қызметкерлері білімін жетілдірді.

         Оның ішінде:  Өрлеу «Біліктілікті арттыру Ұлттық Орталығынан» - 1636 (оның ішінде: қаржылық сауаттылық негіздері 575+ пәндік 1061), «ӨРКЕН» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты» - 1125.

Қосымша білім беру

12.            

Балалардың сауықтыру лагерлерін құру, балалардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту үшін жаңа ірі объектілер салу (оқушылар сарайлары, жас техниктер станциялары, балалар технопарктері, Музыка және көркемсурет мектептері және т. б.):

 2023-2027 жылдары облыста республикалық бюджет есебінен 1 «Оқушылар сарайы» мен 7 «Өнер мектебін» салу.

Олар:

2024 жылы –600 орындық «Оқушылара сарайы»;

2024 жылы –150 орындық «Өнер мектебі»;

2025 жылы – 150 орындық «Өнер мектебі»;

2025 жылы –150 орындық «Өнер мектебі»;

2026 жылы –150 орындық «Өнер мектебі»;

2027 жылы – 150 орындық «Өнер мектебі»;

 

2024-2025 жылдар

Облыста 43 (4 жекеменшік) қосымша білім беру мекемелерінде 32 611  оқушы қосымша біліммен,  мектептердегі үйірмелерге
472 347 оқушы қамтылған.

2024 жылы – 3 қосымша білім беру мекемесі ашылды.

Бәйдібек ауданы, Шаян елді мекеніндегі «О.Тайманов атындағы өнер және саз мектебі», 500 оқушы орындық;

2 - Бәйдібек ауданы Боралдай ауылындағы «Боралдай балалар өнер» мектебі,
330 оқушы орындық;

3 - Мақтаарал ауданы Нұрлыбаев ауылдық округіндегі 120 балаға арналған «Оқушылар үйі»  ашылды.

Сондай-ақ, 2025ж 4 қосымша білім беру ұйымдарының құрылысы басталды. (Сарыағаш, Мақтаарал, Жетісай, Келес ауданындарында «Жана буын орталығы»,). Түркістан облысында 2025 жылы балаларды жазғы сауықтыру лагерлерінің саны         28-ді (10 мемлекеттік, 18 жекеменшік) құрап отыр.

- әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың                  35 338 бала облыстық бюджет есебінен тегін жазғы сауықтырумен қамтылуда;

- 15 мыңнан аса бала ата-аналар есебінен ақылы демалады деп жоспарлануда.

Бір балаға жазғы сауықтыруға бөлінген қаржы – 59 077 теңгені құрайды.

Техникалық және кәсіптік білім беу

44

Мемлекеттік тапсырысты орналастыру есебінен сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін ТжКБ жүз пайыз қамтуды қамтамасыз ету:

2023 ж. – 15 300 орын;

2024 ж. – 15 500 орын;

2025  ж. – 16 000 орын;

 

2023-2025 жылдар

Білікті жұмысшы мамандар облыстың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында өндірістік кәсіпорындармен бірлескен еңбек барысында дайындалады.

Түркістан облысында дуалдық оқыту процесіне 36 колледж, оның ішінде 25 мемлекеттік, 11 жекеменшік оқу орындары, қатысады 36 колледжде (25 - мемлекеттік колледж, 11 - жекеменшік колледж) 12 сала 68 мамандық, 108 біліктілік бойынша дуальді оқыту жүзеге асырылуда.

Облыс колледждеріндегі дуалды оқыту экономикалық сектордың келесідей салаларымен байланысты: құрылыс; автотранспорт; энергетика; мұнай және газ саласы; балық шаруашылығы; коммуналдық шаруашылық; кәсіпкерлік, басқару және құқық; ауыл шаруашылығы; тамақтандыруды ұйымдастыру; машина жасау; жеңіл өнеркәсіп; ІТ; бухгалтерия; темір жол транспорты салалары.

Дуальды оқытумен қамтылған студенттер саны 11 223 студент, олар 35,3% құрайды. Білім беруді дамытудың 2023–2029 жж. арналған тұжырымдамасының 16-нысаналы индикаторы жылдың соңына дейін орындалады. Барлық студенттермен үшжақты келісім шарттар жасалған.

2025-2026 оқу жылына дуалды оқыту бағдарламасына қатысатын жалпы 36 колледж іске асырылатын болады.

2024-2025 жылы дуалды бағдарлама аясында бітірген 1275 студенттердің 1083 жұмысқа қабылданды. Түлектерді жұмысмпен қамту бойынша аудандық, қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдаарламалар басқармасымиен бірлесіп жұмыстар жалғастырылуда.

 

 

Түркістан облысының 2023-2029 жылдарға арналған білім беру жүйесін дамыту бойынша ӨҢІРЛІК ЖОЛ КАРТАСЫНЫҢ 2026 жылғы І тоқсанында орындалуы туралы
Дата публикации
24 апреля 2026