GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Департамент туралы
Все материалы
Білім беру саласындағы мемлекеттік бақылау
Мемлекеттік қызметтер
Балалардың құқықтарын қорғау
19 октября 2026
Жеке мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялау

 

2026 жылғы 16 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасы жанындағы жеке білім беру ұйымдарының басшыларын, құрылтайшыларын және мамандарын біріктіретін «Білім беру» секторы бойынша Қызметтер кеңесі мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жөніндегі жеке ұйымдардың құрылтайшылары мен басшыларына арналған семинар өткізді. Семинарға Солтүстік Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Таласбаева Гүлнар Темірболатқызы және білім беру қызметін мемлекеттік бақылау және лицензиялау бөлімінің басшысы Панарина Марина Анатольевна қатысты.

Семинар барысында 2027 жылғы қаңтардан бастап енгізілетін лицензиялау рәсімі, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарының әрбір тармағы бойынша түсіндірмелер берілді. Сондай-ақ талаптарға сәйкестікті алдын ала талдау нәтижесінде анықталған алдағы лицензиялауға байланысты тәуекелдер талқыланды.

Біліктілік талаптары қолданысқа енгізілгенге дейін қалған уақытты құрылтайшылар мен ұйым басшылары мектепке дейінгі ұйымның қызметін аталған талаптарға толық сәйкестендіру үшін тиімді пайдалануы қажет.

Білім беру саласындағы мемлекеттік бақылау
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
14 октября 2026
Орта білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалауы бойынша ұсынымдар әзірлеуге арналған семинар-практикум

2026 жылғы 13 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті Әдістемелік орталықпен бірлесіп, орта білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалауы бойынша ұсынымдар әзірлеуге арналған семинар-практикум өткізді.
Іс-шараға департамент пен Әдістемелік орталықтың мамандары, сондай-ақ Петропавл қаласы мектептері директорларының орынбасарлары қатысты.
Сарапшылар бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметін бағалау критерийлерін талқылап, мектептердің мемлекеттік аттестаттаудан табысты өтуі үшін қажетті материалдарды ұсыну мен оңтайландыру бойынша нақты ұсыныстар әзірледі және енгізді.
Өткізілген семинар-практикум білім беру сапасын ішкі бағалау тәсілдерін үйлестіруге және аттестаттау рәсімдері қарсаңында облыс мектептерінің басшылығына әдістемелік қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.

 
Мемлекеттік қызметтер
08 октября 2026
Азаматтарды жеке қабылдау өткізілді (07.10.2026 ж.)

2026 ж. 07.10  Департамент басшысы Гүлнәр Темірболатқызы Таласбаева азаматтарды қабылдады.

Білім беру ұйымдарын лицензиялау туралы сұрақпен «Көмек» Білім беру орталығы» ЖК құрылтайшы Айнұр Маратқызы Маженова жүгінді. 
Департамент басшысы Айнұр Маратқызына білім беру ұйымдарын лицензиялау процесін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер бойынша түсініктемелер берді.

Білім беру саласындағы мемлекеттік бақылау
Мемлекеттік қызметтер
07 октября 2026
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын лицензиялау мәселелері жөніндегі кеңес

7 қазанда Департамент басшысы мен қызметкерлері мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын лицензиялау мәселелері жөніндегі кеңеске қатысты.

Іс-шара облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Т. Н. Протопопованың төрағалығымен және қалалық, аудандық білім бөлімдері басшыларының қатысуымен өтті.

Жиынға қатысушылар алдағы лицензиялау процедурасының тәуекелдерін, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының жаңа талаптарға дайындығын талқылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі
07 октября 2026
Департаментте сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті.

 

Ағымдағы жылдың 7 қазанында Департамент қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің СҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Асқар Қайыржанұлы Баймұқановтың қатысуымен өткен семинар-кеңеске қатысты.
Кеңесте сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелері айтылды: сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы трансформациялау, мүдделер қақтығысын регламенттеу, кейіннен уәкілетті органда профилактика қызметін құру туралы пара уәдесін / ұсынысын криминализациялау.

Ерекше назар антикоррупциялық шараларды қолданбағаны үшін жауапкершілікті (соның ішінде заңды тұлғалардың) күшейту шараларына және превенцияның негізгі құралдарына аударылды. Асқар Баймұқанов білім беру саласындағы құқық бұзушылықтардың мысалдарын келтіріп, қабылданған қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік шаралары туралы айтты және Департамент қызметкерлерін заңнаманы қатаң сақтауға шақырды.
Кездесу соңында спикер қатысушыларды ҚР Еңбек кодексіндегі өзекті жаңалықтармен таныстырды.
 
Педагог мәртебесі және педагогикалық әдепті сақтау
06 октября 2026
Департамент басшысы Гүлнәр Таласбаева Мұғалімдер күніне арналған салтанатты шараға қатысты
Департамент басшысы Гүлнәр Таласбаева Мұғалімдер күніне арналған салтанатты шараға қатысты.
 Ағымдағы жылдың 6 қазанында Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Таласбаева Гүлнәр Темірболатқызы Қызылжар аудандық білім бөлімі ұйымдастырған және Мұғалімдер күніне арналған мерекелік іс-шараға қатысты.
Ведомство басшысы өз сөзінде педагогтардың қоғамдағы ерекше рөлі мен жоғары мәртебесін атап өтіп, мұғалімдерді қолдау және олардың еңбек жағдайларын жақсарту бойынша қабылданып жатқан кешенді шараларға тоқталды.
Кездесу соңында Гүлнәр Темірболатқызы Департаменттің бақылау іс-шараларына белсене қатысқан аудандық сарапшыларға Алғыс хаттар табыс етті.
 
Педагог мәртебесі және педагогикалық әдепті сақтау
05 октября 2026
Мұғалімдер күнімен құттықтау

МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Мемлекеттік қызметтер
02 октября 2026
Мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы (2026 жылғы 3 тоқсан)

              

2026 жылғы 3 тоқсанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы

          Солтүстік Қазақстан облысының білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен екі мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

          1. «Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру»;

          2. «Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою».

          1. «Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру».

          Өтініштерді қабылдау және «Білім беру қызметіне лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

          Есепті кезеңде «Білім беру қызметіне лицензия және/немесе лицензияға қосымша беру» - 9 қызмет көрсетілді, «Білім беру қызметіне қосымша беру» - 2 қызмет көрсетілді.

          4 қызмет бойынша бас тартылды, оның ішінде құжаттар топтамасының толық болмауына байланысты «Білім беру қызметіне қосымша беру» мемлекеттік қызметінің - 2 қызмет бойынша бас тартылды,біліктілік талаптарына сәйкес келмеу себебі бойынша «Білім беру қызметіне қосымша беру» - 2 қызмет бойынша бас тартылды .

          2. «Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою».

          Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті қабылдау «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалдарының Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) және «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады - www.egov.kz.

          Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады.

          Есепті кезеңде білім туралы құжаттарға - 57 апостиль қойылды, бас тартулар болған жоқ.

          Шығу елдері: Германия, Италия, Польша, Румыния, США, Словакия, Чехия, Турция, Южная Корея.

          Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ.

          Есепті кезеңде белгіленген мерзімдерді бұза отырып көрсетілген мемлекеттік қызметтер болған жоқ.

          Үшінші тоқсанда «Білім беру қызметіне лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметіне қатысты түсіндіру жұмыстары аясында Шал ақын, Аққайың және Қызылжар аудандары мен Петропавл қаласындағы мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларына арналған семинар өткізілді. Семинарда 2027 жылдың қаңтарында басталатын мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын кезең-кезеңімен лицензиялау мәселелері қаралды.

          Ағымдағы жылдың шілде айында балалардың сауықтыру және демалыс лагерьлерінің қызметін лицензиялау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

          Ағымдағы жылдың 22 қыркүйегінде бөлім басшысы Гүлнар Темірболатқызы Таласбаева мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелерін талқылау мақсатында Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қалалық телерадиоарнасындағы «Елге қызмет» бағдарламасына қатысты.

          Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат Департаменттің сайтында  және ақпараттық стендтерінде орналастырылған.

          Консультациялық көмек телефон арқылы немесе жеке қабылдау арқылы көрсетіледі.

Педагог мәртебесі және педагогикалық әдепті сақтау
Білім беру саласындағы мемлекеттік бақылау
01 октября 2026
Бүгін, 1 қазанда, біз үлкен құрметпен Даналық пен Сыйластық күнін атап өтеміз. 

Бүгін, 1 қазанда, біз үлкен құрметпен Даналық пен Сыйластық күнін атап өтеміз. 
Солтүстік Қазақстан облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің ұжымы ведомство ардагерлерін осы мерекемен құттықтайды.
Құрметті білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің ардагерлері!
Біздің жүйеміздің қалыптасуы мен қазіргі заманғы білім берудің жоғары сапа стандарттары — бұл Сіздердің көпжылдық еңбектеріңіздің нәтижесі.
Сіздер жауапкершілік, жоғары кәсібилік танытып, өз ісіңізге адал бола отырып, сапаны бағалаудың тәуелсіз жүйесін құрудың бастауында тұрдыңыздар.
Сіздердің тәжірибелеріңіз — біздің басты мұрамыз, ал даналықтарыңыз — департаменттің жас мамандары үшін сенімді бағдар.
Сіздерге шын жүректен зор денсаулық пен ұзақ ғұмыр, сарқылмас күш-жігер мен сергектік, отбасыларыңызға жылылық, бақ-береке мен бейбітшілік, жақындарыңыз бен әріптестеріңіздің ықыласы мен қолдауын тілейміз.
Өскелең ұрпақтың болашағына және егемен Қазақстанның дамуына қосқан өлшеусіз үлестеріңіз үшін алғыс айтамыз! Мерекелеріңіз құтты болсын!
 
Педагог мәртебесі және педагогикалық әдепті сақтау
Білім беру саласындағы мемлекеттік бақылау
01 октября 2026
Ұрпақтар диалогы: қарттар мен жастар ұстаздың қоғамдағы рөлін талқылады

https://www.instagram.com/reel/Dd6-0Q0M27N/?stkn=MWplc2V0bHY4cmkyYQ==

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы