Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуы

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуы

 

 

Бүгін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Серік Кеңесұлы Әшіровтың төрағалығымен Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бастамасымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша кеңес өткізілді.

Кеңеске білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттердің басшылары, сондай-ақ осы департаменттің бөлім басшылары қатысты.

Кеңесте сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелері айтылды: сыбайлас жемқорлық ұғымының құрылымдық элементтері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың трансформациясы, агенттіктің үш функциясының синергиясы (ағарту, алдын алу, жазалау), Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі заңнамалық бастамалары.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйелері туралы, қылмыстық жауапкершілік туралы және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жаза, әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілік және өндіріп алу – Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексімен бекітілгендігі туралы атап өтілді.