
Наурызнама онкүндігі бойынша 20 наурыз Ұлттық спорт күні болып белгіленді. Ұлттық спорт түрлері мәдени мұраны сақтауға, жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімін күшейтуге ықпал етеді. Осы күні Департамент қызметкерлері Петропавл қаласының Қожаберген жырау атындағы №6 мектепте ұлттық спорт күніне арналған тоғызқұмалақ, арқан тарту, асық ату жарыстарына қатысты.
Ұлттық спорт күні – ұрпақтарды біріктіріп, олардың тәні мен рухын күтуге баулитын, салауатты қоғам қалыптастырып, мәдениетімен мақтанатын мереке.