
Департамент басшысы Таласбаева Гүлнара Темірболатқызы 2025 жылғы 18.03. Тайынша ауданды білім бөлімінің кеңесіне қатысты.
Кеңеске білім бөлімінің басшысы, білім бөлімінің қызметкерлері, мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері қатысты.
Департамент басшысы Департамент жүргізіп жатқан бақылау іс-шараларының қорытындыларын ұсынды, НҚА-дағы негізгі өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді, ҚР Оқу-ағарту министрлігі іске асырып жатқан жаңа жобалармен таныстырды.
Сондай-ақ, білім беру ұйымдарының басшыларына PISA-2025, ББЖМ, 2025 жылғы мемлекеттік аттестацияға дайындық бойынша ұсынымдар берілді. Тамақтану, қауіпсіздік, мектеп формасының сақталуы, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелерін бақылауға алу ұсынылды.